
- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 4
Бүгін Президент Жолдауын талқылауға арналған жиында өңірде білім саласын цифрландыру, ЖИ технологияларын енгізу барысы сөз болды.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру бастамасы Жолдаудың ең елеулі жаңалығы болды. Бұл – осы салаға мықтап ден қойылады деген сөз. Ал оның жарқын келешегі жас буын, жаңа ұрпақтың қолында. Сондықтан маман даярлау ісінің маңызы барған сайын арта түспек. Облыста ЖИ бағытындағы кадрлық әлеуетті көтеруге басымдық беріледі. Өйткені болашақ инвестициялар мен инновациялардың қайнар көзі – цифрлық технология тілін меңгерген бәсекеге қабілетті жастар. Бұл жөнінде жиында сөз алған спикерлер қадау-қадау пікірлер айтты.
Әуелі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейтбек Қуанышбаев экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы жасанды интеллектінің рөлін білім беру үрдісімен байланыстырды.
«Қостанай облысы тек теориялық әлеуетімен ғана емес, жаңа цифрлық күн тәртібін іске асыруға жоғары практикалық дайындық деңгейімен ерекшеленеді. Өңірде кешенді кадрлық даярлау жүйесі құрылып жатыр. Жасанды интеллект саласын дамыту жұмысы мектептен басталып, арнайы университеттік бағдарламалар аясында жалғасады. Осы инновациялық экожүйеге институционалдық қолдауды біздің университет жанындағы Smart-орталық пен Qostanai Hub технопаркі көрсетеді. Олар перспективалы IT және ЖИ жобаларын акселерациялау алаңдары саналады. Облыста маман даярлаудан бастап, олардың жобаларын қолдауға және нақты экономикаға енгізуге дейінгі инновациялық цикл орнығу үстінде. Бұл –Президент тапсырмасын орындауға облыс дайындығының жоғары екеніне дәлел», – дейді Сейітбек Қуанышбаев.
Цифрлық жаңғыру үдерісіне білім саласының тигізер ықпалы зор. Сондықтан облыста заманауи оқу ошақтарын көбейту маңызды міндетке айналып отыр. Қазір «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған бес мектеп жұмыс істеп тұр. Олар Қостанай ауданының Заречный (900 орын), Әулиекөл ауданының Құсмұрын (300) кенттерінде, Арқалықта (300), Қостанайдағы Әуежай (900), Береке (1200) шағын аудандарында салынды. Жыл соңына дейін Рудныйда тағы бір мектеп пайдалануға беріледі.
«Бұл мектептердің оқу кабинеттері интерактивті құрылғылармен жабдықталған. Олар педагогтер мен оқушыларға ғылыми жобалар және зерттеулер, виртуалды тәжірибелер жүргізуде жасанды интеллектіні пайдалануға қолайлы, – дейді облыс әкімі. – Мемлекет басшысы атап өткендей, мектеп оқушылары үшін жасанды интеллект негіздері бойынша бағдарлама мен оқу материалдарын дайындау қажет. Сондай-ақ мұғалімдердің ЖИ технологиясын меңгеру дағдыларын қалыптастыру керек».
Өңір басшысы тілге тиек еткен міндеттемелердің облыста орындалу барысы қалай? Мұғалімдер мен оқушылардың ІТ-ге икемділігін қалыптастыру және дамыту бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Бұл турасында Білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру әдістемелік орталығының директоры Ольга Козлюк баяндады.
Президент осы Жолдауында: «Жасанды интеллект саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру мектеп табалдырығынан басталуы керек», – деді. Біз бұл жұмысқа кірісіп те кеттік. Жаңа оқу жылынан бастап ЖИ «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне біріктірілді. Қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту үшін шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту жобасы іске асырылуда. Мұнда педагогтердің біліктілігін арттыруды, ЖИ-ді пайдалана отырып, шектеулі ресурстар жағдайында кәсіби құзыреттілікті нығайтуға баса назар аударылады. Әр деңгейдегі 84 мектеп қатысатын бұл жобаға облыс әкімдігінің қолдауымен биыл қосымша 227 млн теңге бөлінді», – дейді Ольга Козлюк.
Бүгінде «Өрлеу» платформасында ЮНЕСКО және «ЖИ оқу үдерісі: генеративті модельдер және өнеркәсіп-инжиниринг өнері» халықаралық инновациялар орталығымен бірлесіп әзірленген тегін онлайн-платформа іске қосылған. Онда облыстың барлық педагогі 1 қазанға дейін оқытылады. Сонымен қатар жыл басынан 7 мектепте Astana Hub қолдауымен бағдарламалау үйретіле бастады. Тағы бір айта кетері, облыс әкімінің тапсырмасымен, білім беру ұйымдарында биылғы оқу жылында ЖИ енгізу бағытында үш қанатқақты жобаны іске қосу жоспарда бар.
«Біріншісі – орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін үйрету үшін жасанды интеллектіні қолдану. Екіншісі – Tester.kz нүктелік диагностиканы оқытудың және білім олқылықтарын жоюдың кешенді жүйесін енгізу. Үшінші жоба – білім беру ұйымдарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету үшін Almektep жасанды интеллектін іске қосу. Бұлан бөлек, 2026 жылы «Болашақ мамандары» кәсіптік бағдарлау платформасына ЖИ пайдаланылады. Бұл мектеп оқушыларына қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай мансап жолын таңдауға көмектеседі», – деп мәлімдеді О.Козлюк.
Сондай-ақ алдағы уақытта Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжін Қостанай ІТ-колледжі етіп қайта құру жоспарланып отыр. Бұның ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауды едәуір кеңейтуге және ЖИ-ді техникалық және кәсіптік білім беру саласына белсенді енгізуге жол ашары сөзсіз.
Ақпарат көзі: Қостанай таңы газеті https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қостанай облысында 300 мыңнан астам ағаш отырғызылды
- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 37
Үкімет отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру абаттандыру және өңір аумақтарын тазарту жұмыстары туралы баяндады.
⚫️Оның мәліметінше, 2,5 жыл ішінде 87 саябақ пен шағын бақтар абаттандырылып, 293 балалар мен спорт алаңдары орнатылды. Бұл орындар отбасылық демалыс пен қарым-қатынас орталықтарына айналды.
4 мың көшеге 48 мыңнан астам шам орнатылды. Көшені жарықтандыру деңгейі 2023 жылдан бастап 57%-дан 90%-ға дейін өсті, бұл елді мекендерді жайлы әрі қауіпсіз етті. Биыл жарықтандыру жұмыстары аяқталады.
🛠191 көппәтерлі үй жөнделді: шатырлар, балкондар, қасбеттер жаңартылды, сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Бұл қалалар мен ауылдардың заманауи, таза келбетін қалыптастырады.
🌲Қостанай облысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2,5 жыл ішінде 338 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 103
Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жөнінде Арқалық қаласында жедел штаб отырысын өткізді.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 111
8-11 марта 2024 года в г.Костанай прошел молодежный Чемпионат Костанайской области по тогызкумалак в возрастных категориях (15,17,19,21) лет по классике и блиц.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 113
23 қарашада полицияға 35 жастағы ер адам жүгінді.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 107
2023 жылғы 1-15 тамыз аралығында Қостанай облысының тұтынушыларын апатсыз жұмыс істеуді және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында "Интергаз Орталық Азия" АҚ "Карталы - Рудный" МГ-да жөндеу және құрылыс жұмыстарының кешенін орындауды жоспарлап отыр, сондықтан осы уақыт кезеңінде газ жеткізу тұтынушылардың барлық санаттарына тоқтатылады.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 104
В активном партнерстве с Палатой предпринимателей Костанайской области и антикоррупционной службой проектом уже охвачено 350 представителей бизнеса, рассмотрено 92 обращения. Положительно решены 48 кейсов по проблемным вопросам 286-ти представителей бизнеса.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 116
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша Жамбыл облысының тәжірибесін кеңейту жөніндегі бастамасын орындау мақсатында Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру басталды.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 128
13 маусымда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Қостанай облысына жұмыс сапарымен келеді.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 120
Аким Костанайской области Кумар Аксакалов проинспектировал ход строительства проблемных многоэтажек в микрорайонах «Кунай» и «Аэропорт» в областном центре, передает корреспондент МИА «Казинформ».

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 115
Развивать социально-культурную инфраструктуру, обеспечить максимальную доступность культурных благ, условия для повышения качества и разнообразия услуг, сохранить и популяризировать культурное наследие — целей немало.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 113
«Хорошая возможность по созданию рабочих мест для населения открывается при реализации Нацпроекта по развитию предпринимательства. Для этого в текущем году выделено 3,9 млрд. тенге, что больше прошлогоднего показателя на 44,4% (в 2022 году - 2,7 млрд. тенге).

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 107
В областной терринспекции лесного хозяйства и животного мира отметили, что путевки будут выдавать на отстрел самцов тетерева и селезней.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 119
Это дает надежду на удешевление этого типа стройматериалов в области. На презентации завода присутствовал аким области Кумар Аксакалов.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 107
В регионе из 526 населенных пунктов области газифицировано 78 что составляет 14,8%.

- Категория: Облысының жаңалықтары
- Көру саны: 106
Необходимо отметить, что по основным макроэкономическим показателям за январь т.г.в разрезе регионов Республики, Костанайской области на первом месте.