- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 6
Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі – өңдеу саласына инвестиция тарту.
Бұл тұрғысында Президент: «Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі тиімсіз. Түрлі органдардың құзыреттері қайталанады», – деді. Өңір басшысы мұндай сынға ілікпеу үшін жұмысты әлде де ширата түсу керек екенін айтып отыр. Бір есеппен, біздің облыс инвестиция тарту жөнінен қамшы салдырып отырған жоқ, жетістіктер ауыз толтырып айтарлық.
«Облыста жаңа қолдау шараларын енгізу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Соңғы үш жылда экономикаға 1,5 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Осы жылғы 1-тоқсанда шамамен 200 млн доллар түсті. Алда атқарар шаруа көп. Технологиялар мен құзыреттер бере алатын және жаңа нарыққа жол ашатын ірі инвесторларды іздеп, оларды облысымызға тарту жұмысын күшейту қажет», – деді Құмар Ақсақалов.
Қостанай облысына инвестиция тарту тұрғысында қабылданып жатқан шаралар нәтижесіз емес. Ол туралы «ҚазақИнвест» АҚ өңірлік директоры Дәурен Ниязбаев нақты деректер келтірді. Қолға алынған ауқымды жобаларды таныстыра өтті.
«Маңызды жобалардың бірі – елдің 17 серпінді жобаларының тізбесіне енгізілген толық циклді KІА автомобильдерін шығаратын зауыт. Қостанай – KIA компаниясы Кореядан тыс жерде зауыт салуға тікелей инвестиция құйғанған бірінші өңір. Инвестиция көлемі – 131,5 млрд теңге. Бұл жоба биылғы Жолдауда сөз болған индустрияландыру, заманауи технологияларды енгізу, сапалы жұмыс орындарын құру және Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту басымдықтарына толық сәйкес келеді. «KamLitKZ» ЖШС жүзеге асыратын тағы бір маңызды жоба – жетекші көпірлердің басты берілістерін шығаратын зауыт салу. Инвестиция көлемі – 82,5 млрд теңге. Тау-кен металлургия бағытта өңірде 1,4 трлн теңгеге 2 ірі жоба іске асырылуда», – деп тәптіштеді Дәурен Ниязбаев.
Ол қомақты инвестиция салынған басқа да ірі жобаларды жіпке тізді. Мәселен, Easthopegroup (Ист Хоуп Груп) компаниясы 864 млрд теңгеге сазбалшық шығаратын зауыт салмақ. «ССКӨБ» АҚ базасында ыстық брикетті темір өндіретін зауыт тұрғызылады. Инвестиция көлемі –532 млрд теңге. Сондай-ақ пысықталып жатқан тағы бір жоба –»GAS SOLUTION LTD» ЖШС міндетіне алған газ-химия кешенінің құрылысы. Жобаның құны – 3-6 млрд доллар. Бұлардың қатарына құрылысы жүріп жатқан құрлық порты – «Тобыл» көлік-логистика кешенін де қосу керек. Спикердің дерегіншще, облыста 80 инвестициялық жобаның тізбесі құрылған. Бұлардың аясында 12,2 мың жұмыс орнын құрылады.
Ақпарат көзі: Қостанай таңы газеті https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 11
«Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет.
Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн.
Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс.
Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек.
Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.
Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек.
Осы орайда алдымызда тұрған мынадай маңызды міндеттерге тоқталып өткім келеді».

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 9
Мемлекет басшысы: «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады»
«Қазір дүние жүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмайтыны анық.
Алпауыт елдер мен халықаралық одақтар арасындағы қарама-қайшылықтардың ауқымы өсіп бара жатыр. Халықаралық қатынастағы шиеленістер мен озбырлықтың салдарынан қақтығыстар мен соғыстар белең алды. Кейбір мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатында әсіре ұлтшылдық күшейді.
Әлем экономикасында теңсіздіктер мен қайшылықтар ушыға түсті. Кейбір мемлекеттер экономикалық дамуда артта қалып, кейбір елдер жасанды интеллект саласында теңдессіз табысқа жетуде.
Халықаралық құқықтың мән-маңызы кете бастады.
Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің рөлі мен мәртебесіне сай қазіргі басты түйткілдерді шешуге қауқарсыз болуда.
Экологиялық және техногендік апаттардың кесірінен түрлі елдердің экономикасы орасан шығынға батуда.
Батыстағы этносаралық-дінаралық үйлесім мен мәдени әралуандық тұжырымдамасы дағдарысқа ұшырады. Жаһандық деструктивті күштер ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің іргесін шайқауда.
Босқындардың саны көбейіп, көші-қон дағдарысы туындады. Адам саудасы, қару-жарақ пен есірткі саудасы да өршіп тұр.
Бұрын-соңды болмаған мүлде жаңа сын-қатерлер күллі адамзаттың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Тіпті жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды. Геосаяси ахуалдың түбірімен өзгере бастағанын аңғартатын басқа да факторлар аз емес. Қысқаша айтсақ, әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады».

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 7
Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды.
Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды.
Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру қажет.
Жалпы, Парламент депутаттары елімізде түбегейлі реформалар жасау жолында маңызды рөл атқарып келеді. Сіздерге зор ризашылығымды білдіремін».

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 12
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Ауыл шаруашылығы саласы азық-түлік қауіпсіздігін, халықты жұмыспен қамтуды және еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуды қамтамасыз ететін экономиканың негізгі секторларының бірі ретінде қарастырылады. Үкімет Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғыртуды, қайта өңдеуді тереңдетуді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Мемлекет басшысының Жолдауы және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы толық ақпаратты Primeminister.kz сайтында жарияланған шолудан оқыңыздар.
Тұрақты өсімнен жаңғыртуға: агроөнеркәсіп кешені қалай дамып келеді
Агроөнеркәсіп кешені тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Бұл мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін және Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда Үкіметтің жүйелі жұмысын айғақтайды. 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жетті. Өсім мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Қайта өңдеу саласы озық даму қарқынын көрсетіп отыр: азық-түлік өнімдерінің өндірісі 9,2%-ға өсіп, 2,13 трлн теңгені құрады, сусындар өндірісі 6,8%-ға (692,4 млрд теңге) артты. Өсімдік майының өндірісі (+24%), сары май (+10,4%), шұжық өнімдері (+9%), ұн өндірісі (+6,6%) өсті.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 442,7 млрд теңгеге (+26,5%) жетті, азық-түлік өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 104,2 млрд теңгені (+48%) құрады. Бұл ресурстар саланы жаңғыртуға және заманауи технология енгізуге бағытталды.
«Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында тікелей субсидиялаудан қолжетімді несиелеуге көшудің және коммерциялық банктердің қаражатын тартудың маңызын атап өтті. Осының нәтижесінде 2024 жылдан бастап жылдық ставкасы 5%-дан аспайтын жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл бюджет пен жеке қаражат көздерінің ресурстарын біріктіру арқылы мүмкін болды», — деп атап өтті ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Мемлекеттік қолдау жүйелі түрде сақталып келеді. 2025 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген несие көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2014 жылы – 70 млрд теңге). Алдағы жылдары бұл қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге жеткізілмек. Егіс науқанына қаржыландыру 2024 жылдың қараша айынан басталды, бұл шаруаларға алдын ала дайындалуға мүмкіндік берді.
Жылдық 5% мөлшерлемемен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы іске қосылды. Ол жалпы құны 250 млрд теңгені құрайтын кемінде 6 мың дана техниканы сатып алуды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, қайта өңдеушілерге айналым қаражатын қаржыландыру үшін 44 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.
Негізгі тетіктермен қатар арнайы қолдау бағдарламалары да жүзеге асырылуда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы кооперативтерге, соның ішінде өнімді қайта өңдеуге, 5 жылға дейінгі мерзімге 2,5% жеңілдетілген несие береді. «Кең дала» бағдарламасы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен қайта өңдеушілерге 5% мөлшерлемемен қаржыландыру ұсынады. «Агробизнес» бағдарламасы бюджет, Ұлттық қор және жеке инвестициялар есебінен өндірісті жаңғыртуға, құрылыс жүргізуге және айналым қаражатын толықтыруға жағдай жасайды. Мұндай кешенді шаралар ауыл шаруашылығы саласындағы әр шаруашылықтың ерекшелігіне қарай ең тиімді шарттарды таңдауға мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы: стратегиялық сала және дамудың жаңа тетіктері
Мал шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сала. Ол АӨК-тің жалпы өнімінің шамамен 40%-ын құрайды. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, 2 трлн теңгеге жуықтады. Ет өндірісі 2%-ға артты (608,8 мың тонна), сүт өндіру көлемі 6,5%-ға ұлғайды (2,25 млн тонна).
Мал мен құс саны да тұрақты көбейіп келеді: ірі қара – 8,7 млн бас (+0,3%), жылқы – 4,6 млн (+6,7%), түйе – 300 мың (+3,9%), құс – 48 млн (+6,6%). Осы ретте қой басы 3,7%-ға кемігені байқалады (21,1 млн бас).
Қазақстанның экспорттық әлеуеті нығайып келеді: 2025 жылдың алғашқы бес айында сиыр еті экспорты 2,5 есеге (12,3 мың тонна), қой еті 2,6 есеге (9,2 мың тонна) көбейді. Алғаш рет 797 тонна шошқа еті сыртқа шығарылды. Бұл нәтижелер отандық өнімнің бәсекеге қабілетті екенін және халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Сүт өндіру саласына айрықша көңіл бөлініп отыр. 2023–2025 жылдары жылына 300 мың тоннадан астам өнім беретін 48 сүт тауарлы фермасы салынды. Жаңа фермалардағы орташа жылдық сауым 8,2 мың литрге жетсе, алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 11 мың литрге дейін барады. Бұл деңгей Еуропаның жетекші елдеріне сай келеді. 2024 жылы 688 мың тонна сүт өндірілді (2022 ж. +32%). 2025 жылы тағы 32 кешен іске қосылып, қосымша 152 мың тонна өнім алу жоспарланған.
«Етті ірі қара мал шаруашылығында несие таза 5%-бен беріледі. Қаржыландыру көлемі 50 млрд теңге. Ал биыл өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын жеңілдетілген несиелеу бағытына 44 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар фермерлердің кепілге қолжетімділігі мәселесін шешу үшін несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беру бағдарламасы жүзеге асырылуда», – деді Айдарбек Сапаров.
2025 жылғы 1 тамыздан бастап бордақылау алаңдарын жылдық мөлшерлемесі 5% жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарламаға 50 млрд теңге бөлінді. Бұл бағдарлама өндірістік қуаттарды 60%-дан астам деңгейде пайдалануға және шығарылатын өнімнің кемінде жартысын ішкі нарыққа өткізуге жағдай жасайды.
Аустралиялық үлгі бойынша ет кластерлері дамып келеді. 2024 жылы 9 млрд теңгеге төрт жоба қаржыландырылса, 2025 жылға жалпы құны 21,7 млрд теңгені құрайтын он басым жоба айқындалды. Түркістан облысында түйіршіктелген жем өндіретін зауыт пен 15 мың басқа арналған бордақылау алаңы іске қосылды. Бұл жобалар «жемшөптен қайта өңдеуге дейінгі» толық тізбекті қалыптастырудың негізін қалайды.
Соңғы бес жылда құс еті бойынша импортқа тәуелділік 42%-дан 20%-ға дейін төмендеді. 2024 жылы Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жылына 15,9 мың тонна ет өндіруге қуатты алты құс фабрикасы іске қосылды. Негізгі міндет – бұл бағытта елді толықтай өз өнімімізбен қамтамасыз ету.
Осылайша, Қазақстандағы мал шаруашылығы тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр: ішкі өндіріс көлемі артып, экспорттық әлеуеті нығайып келеді, жаңа қолдау тетіктері енгізілуде және әлемдік деңгейдегі кластерлер құрылуда. Бұл саланы бүкіл агроөнеркәсіп кешенінің басты өсім нүктелерінің біріне айналдырады.
Өсімдік шаруашылығы: егісті әртараптандыру және жаңа өнімділік стандарттары
Қазақстандағы өсімдік шаруашылығы өндірістің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған жүйелі трансформациядан өтуде. Саланың негізгі міндеті – егіс алқаптарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу. Биыл бидай алқабы 884,6 мың гектарға қысқарып, 12,3 млн гектарды құрады, ал майлы дақылдардың көлемі 1 млн гектарға ұлғайып, 4 млн гектарға жетті. Сонымен қатар қант қызылшасының егіс құрылымын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
«Мемлекет басшысы жыл сайын 150 мың гектарға дейін су үнемдейтін технологияларды енгізуді тапсырған болатын. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл жоспар артығымен орындалып, 158 мың гектарды құрады. Ал биыл су үнемдейтін технологияларға қазірдің өзінде 109,8 мың гектар алқапқа енгізілді. Жалпы су үнемдейтін технологиялар қолданылатын жер көлемі 580 мың гектарға ұлғайды», — деді Айдарбек Сапаров.
2024 жылы фермерлер 25,2 млн тонна астық жинап, бұрын-соңды болмаған рекордқа қол жеткізді. Оның ішінде 18,6 млн тоннасы бидай. Орташа өнімділік гектарына 14,2 центнер. Мұндай жоғары нәтижеге енгізілген тыңайтқыш көлемінің екі есеге ұлғаюы (2023 ж. 1,3 млн тонна) айрықша ықпал етті. Биыл бұл көрсеткішті 1,9 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.
Тұқым шаруашылығына және материалдық-техникалық базаны жаңартуға айрықша назар аударылып отыр. 2025 жылы элиталық тұқымдардың үлесін жалпы егіс көлемінің 10,5%-ына дейін жеткізу, ал ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 6,5%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Тек 2023 жылдың өзінде ғана шаруалар 22 мың бірлік техника сатып алды, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен жоғары.
Фермерлер үшін елеулі қолдау құралы болып субсидиялау шаралары қала береді. Мемлекет элиталық тұқымдар құнын 70%-ға дейін, отандық өндірістегі минералды тыңайтқыштардың құнын 60%-ға дейін өтейді, сондай-ақ пестицидтер шығынын 50%-ға және биопрепараттар шығынын 40%-ға өтемақылайды. 2025 жылы басым дақылдарды субсидиялауға 25,8 млрд теңге бөлініп, бұл фермерлерге өнімділікті арттыру үшін қосымша ресурс береді.
Жүйелі шаралар 2024–2028 жылдарға арналған Жол картасында бекітілген. Онда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі еселеу көзделген. Негізгі басымдық бидайдың монокультурасын және суармалы егіншілікті көп қажет ететін күріш пен мақта сияқты дақылдарды қысқартуға берілген. Сонымен қатар майлы, көкөніс-бақша және малазықтық дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қарастырылған. Мұндай тәсіл өндірістің тиімділігін арттырып, мал шаруашылығының жем-шөп қорын нығайтуға мүмкіндік береді.
Селекция мен тұқым шаруашылығын дамытуға арналған Кешенді жоспар аясында ауыл шаруашылығы дақылдарының кемінде 109 жаңа сорты мен будандарын шығару көзделген. 2024 жылы 52,3%-ды құраған отандық селекция тұқымдарымен егілетін алқаптардың үлесін 2028 жылға қарай 78,2%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта ұсынылатын сорттардың Мемлекеттік тізілімі қалыптастырылып, ұлттық тұқымдардың генетикалық банкі құрылуда. Бұл ішкі селекция нәтижелерін бекітіп қана қоймай, сонымен қатар отандық өсімдік шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруға жол ашады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – несиеден жаңғыртудың кешенді жоспарларына дейін
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеу аграрлық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесі 70%-ға жеткізілуі тиіс. Осы мақсатта мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске асырылуда.
2024 жылы АӨК өнімдерін экспорттау көлемі $5,1 млрд болды, оның 52%-ы қайта өңделген өнімге тиесілі. Бұл $2,6 млрд құрайды, ал былтыр бұл көрсеткіш 43% болған, бұл отандық қайта өңдеу саласының тұрақты даму қарқыны мен бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын дәлелдейді.
Қазақстанда қайта өңдеу саласында шамамен екі мың кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде сүт (18,8%), ет (18,5%), астық (17,4%) және май-шикізат (12,5%) салалары көш басында. 2024 жылы 41,5 млрд теңге көлемінде 51 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
2025 жылы бизнеске қолдау көрсету мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарын айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдетілген несие беру жалғастырылды. Осы мақсаттарға 44 млрд теңге бөлінді. 60-тан астам өтінім мақұлданып, 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Қайта өңдеу кәсіпорындарын салу немесе жаңғыртуға инвестициялық субсидиялау жұмыс істейді. Бұл мақсатта шығынның 15–50%-ын өтеу қарастырылған. Қант саласында өтемақының көлемі 40%-ға дейін артты, жұмыртқа өңдеуде субсидия 40%-ға дейін енгізілді, ал сүт саласында құрғақ сүт пен сарысу жабдықтарына шығынның 25%-ына дейін өтемақы қарастырылған.
Кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінуде. Осы мақсатта тұрақты жеткізілімді қамтамасыз ететін сүт фермалары, қой шаруашылығы кәсіпорындары және қабылдау пункттері желісі құрылады. Фермерлерге қолдау қайта өңдеуге тапсырылған жұқа және жартылай жұқа жүн көлеміне субсидиялау арқылы да көрсетіледі, бұл бір жағынан өндірушілердің шығындарын азайтып, екінші жағынан қайта өңдеу кәсіпорындарының қуатын толық пайдалануына мүмкіндік береді.
Ішкі нарықты қорғау мақсатында шикізатты экспортқа шығаруға шектеулер енгізілген: майлы дақыл тұқымдарын шығаруға баж салығы қолданылып, тірі мал экспорты квоталанған, сондай-ақ тері мен жүн шығаруға шектеулер қойылған. Бұл шаралар шикізат қорын ел ішінде сақтап, оны қайта өңдеуге бағыттап, елде қосылған құн қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ғылым және инновациялар: АӨК жаңғыртудың негізі
Президенттің тапсырмаларын орындаудағы маңызды бағыттардың бірі – аграрлық ғылымды дамыту және инновацияларды енгізу. Осы мақсатта Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰАТО) базасында білім, ғылым және бизнесті біріктіретін вертикалды интеграцияланған агротехнологиялық хаб құрылуда. Қазіргі таңда оның құрамына 33 ұйым – университеттер, ғылыми-зерттеу институттары және тәжірибелік шаруашылықтар кіреді.
Ғылыми салаға қаржылық қолдау жүйелі сипатқа ие: 2025 жылы ҰАТО-ны негізгі қаржыландыру көлемі 2,6 млрд теңгеге артты, ал 2024–2026 жылдары бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға жыл сайын 9,6 млрд теңге бағытталады. Бұл ауыл шаруашылығы кешенінің барлық негізгі бағыттарын – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығынан бастап қайта өңдеу, ветеринария және органикалық егіншілікке дейін қамтитын ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Заманауи зерттеу зертханаларын құруға және халықаралық ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөлінуде. 2024 жылдан бастап Қазақстанда Қытаймен бірлескен биологиялық қауіпсіздік зертханасы және дән сапасын анықтайтын зертхана жұмыс істей бастады. 2025 жылғы маусымда органикалық өнімдерді сертификаттау орталығы және халықаралық санитарлық және ветеринарлық стандарттарға сәйкес тамақ қауіпсіздігі зертханасы ашылды. Бұл орталықтар пестицид қалдықтары, микотоксиндер, ауыр металдар және антибиотиктерді талдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, «жасыл» өндіріс стандарттарын енгізуге жол ашады.
2024 жылы Ақтөбе облысында Жылқы шаруашылығы және жемөндіру институтының құрылуы маңызды оқиға болды. Оның қызметі – жылқы тұқымдарын жетілдіру және отандық жем базасын дамытуға бағытталған.
Маңызды ғылыми жобалар қатарына ауыл шаруашылығы өнімдерін генетикалық паспорттау, климатқа бейімделген егіншілік және сенсорлар, дрондар мен AI-мониторинг жүйелерін қолданатын «ақылды фермалардың» цифрлық модельдері кіреді. Қытай, Нидерланды, АҚШ, Франция, Ұлыбритания және басқа елдердің ғылыми орталықтарымен халықаралық ғылыми ынтымақтастық жүргізілуде.
2027–2029 жылдарға «Agri Export» (өнімдерді генетикалық сәйкестендіру, органикалық өнім өндірісі, климатқа төзімді технологиялар) және «Agri Future» (AgriTech-инкубатор, «АӨК-тің 100 жас ғалымы» бағдарламасы, фермерлерді VR/AR арқылы оқыту, жаңа буын цифрлық фермалар) бағдарламалары әзірленген. Бұл бастамалар Қазақстанның АӨК-ін ғаламдық ғылыми желілерге интеграциялауға негіздеп, саланы технологиялық серпінге шығаруға жағдай жасайды.
Осылайша, аграрлық ғылым ауыл шаруашылығын жаңғыртудың басты құрамдас бөлігіне айналып, оның бәсекеге қабілеттілігін, инновациялық сипатын және ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
«Аталған нәтижелер – аграрлық секторды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстың тікелей нәтижесі. Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдау шараларын жетілдіруді, саясаттың ашықтығы мен нәтижелілігін қамтамасыз етуді және ең бастысы, ауыл тұрғындары мен аграрлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді жалғастырады», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.
Үкіметтің агроөнеркәсіп кешенінде жүргізіп отырған шаралары Президенттің Жолдауын іске асыруда жүйелі тәсіл қолданылып отырғанын көрсетеді. Сала негізгі бағыттар бойынша – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығынан бастап терең қайта өңдеу мен ғылыми зерттеулерге дейін тұрақты дамып отыр. Инвестициялық тартымдылық қамтамасыз етіліп, импортты алмастыру мен экспортты көбейтуге қажетті негіз жасалды.

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 13

- Көру саны: 43
Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, жаңа тәсілдер енгізді. Осы жылдан бастап шаруалар үшін жеңілдетілген несиелер 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді болды. Бұған дейін мұндай қаржыландыру наурыз айында – егіс науқаны басталған сәтте ғана қолжетімді болатын. Жаңа тәртіп шаруаларға қажетті ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік қолдау шараларының, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының арқасында көктемгі егіс жұмыстары агротехникалық мерзімдерге сәйкес атқарылды. Бұл тәсіл негізгі дала жұмыстарын уақытынан бұрын орындауға, стратегиялық маңызы жоғары дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға және материалдық-техникалық базаны тиімді жаңғыртуға мүмкіндік берді. Осылайша, ауыл шаруашылығы саласын әрі қарай дамытуға және мол өнім алуға берік негіз қаланды.
Аталған шолу материалында дала жұмыстарының жүргізілу қарқыны, пайдаланылған егіс алқаптарының көлемі, негізгі астық егетін өңірлердегі серпін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерінің материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілуінің негізгі көрсеткіштері бойынша өзекті ақпарат ұсынылған.
Әртараптандыру мен тиімділікке басымдық
2025 жылғы көктемгі егіс науқаны елімізде жер өңдеу тәсілдерінің өзгеруі жағдайында өтті. Негізгі назар ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру мен монодақылдарға тәуелділікті азайтуға аударылды. 6 маусымдағы мәліметке сәйкес, 23,7 млн гектар немесе жоспарланған көлемнің 100%-ы егілді.
Егіс алқаптарын неғұрлым тиімді әрі тұрақты дақылдарға қайта бөлуге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ауыл шаруашылығын климаттық тәуекелдерге бейімдеуге ғана емес, сондай-ақ ғылыми негізделген ауыспалы егіс нормаларына сүйене отырып, нарықтық үрдістерді ескеруге мүмкіндік берді.
Нәтижесінде, сұранысқа ие дақылдар алқаптары ұлғайды:
-
майлы дақылдар – 3,4 млн гектар (өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн гектарға артық);
-
мал азығы дақылдары – 3,3 млн гектар (плюс 114 мың гектар);
-
дәндік жүгері – 167,5 мың гектар;
-
көкөніс-бақша дақылдары – 222,3 мың гектар.
Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар дақылдар бойынша да оң динамика байқалды: картоп алқаптары 83,4 мың гектарды құрады – бұл өткен маусыммен салыстырғанда 11,3 мың гектарға артық.
Сонымен қатар ресурсты көп қажет ететін әрі баға құбылуына сезімтал дақылдардың – бидай, күріш және мақтаның – егіс көлемі қысқарып келеді. Мәселен, бидай алқабы 13 млн гектарды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 187 мың гектарға азайды.
Осылайша, егіс көлемін әртараптандыру стратегиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін дамытуға серпін беріп отыр.
Тұқым қоры бойынша айтқанда, 2025 жылғы егіс науқанына республика бойынша 2,3 млн тонна тұқым дайындалды. Бұл егіншілердің егіс науқанына уақтылы және ресурс тапшылығынсыз шығуына мүмкіндік берді.
Бүгінде елімізде сапалы тұқым өндіру және өткізу саласында маманданған 246 субъект аттестатталған. Олардың ішінде 28 шаруашылық – түпнұсқа тұқым, 82-сі – элиталық тұқым, ал 136-сі – І, ІІ және ІІІ репродукциялы тұқым өндірумен айналысады. Бұған қосымша, 129 ұйымға импорттық тұқымдарды өткізуге рұқсат берілген.
Сапалы тұқым материалдарының қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан тұқым сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде қолдау шарасы іске асырылуда. Тұқым шаруашылығының санатына және репродукция деңгейіне қарай, мемлекет тұқым құнының 50%-дан 70%-ға дейінгі бөлігін субсидиялайды.
Еліміздің негізгі астықты өңірлеріндегі егіс науқанының барысы
Елімізде дәстүрлі түрде негізгі астықты өңірлерге Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі көбіне осы өңірлердегі нәтижелерге байланысты болғандықтан, бұл аймақтарға ерекше назар аударылады.
Ақмола облысы егіс науқанын алғашқылардың бірі болып мерзімінен бұрын аяқтап, елдегі жетекші аграрлық өңір мәртебесін тағы бір мәрте растады. Өткен жылы осы кезеңде жұмыстардың небәрі 60%-ы орындалса, биыл облыс жоспарланған мерзімнен үш апта бұрын тапсырманы толық орындады.
Жалпы егістік көлемі 5,5 млн гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 мың гектарға артық. Ұйымдастыру деңгейінің жоғары болуы және барлық қажетті ресурстардың жұмылдырылуы көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай және оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік берді.
Маусымға дайындық қыс мезгілінде басталды: ауқымды қар тоқтату жұмыстары жүргізілді, ал көктемде – ылғал сақтау және 2 млн гектардан астам жер өңделді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе көп. Жұмысқа заманауи егіс кешендерін қоса алғанда, шамамен 37 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы тартылды, бұл жұмыстың тиімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етті.
Мемлекеттік қолдаудың да рөлі зор болды. 770-тен астам шаруашылық 100 млрд теңгеден астам сомаға несие алды, ал егіс жұмыстары үшін 76 мың тоннадан астам дизель отыны төмендетілген бағамен бөлінді.
Егіс құрылымында стратегиялық маңызы бар дақылдардың үлесі артты: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,6 млн гектарға егілді, ал майлы дақылдар алқабы 430 мың гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 161 мың гектарға артты. Сонымен қатар мал азығы, көкөніс және картоп егілетін алқаптар да кеңейтілді.
Қостанай облысының диқандары да егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл өңірде 5 млн гектардан астам алқапқа егін егу жоспарланған. Майлы және әлеуметтік маңызы бар дақылдар, сондай-ақ мал азығы дақылдарының үлесі айтарлықтай артты.
Атап айтқанда, майлы дақылдар алқабы 755 мың гектарға дейін ұлғайып, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10%-дан аса көп. Картоп алқабы екі есе артып, 7 мың гектарды, ал қарақұмық екі есе артып – 21 мың гектарды құрады. Өңірде егіс науқаны толық аяқталды.
Егіншілерді қолдау мақсатында өңірде «Кең Дала 2» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бастама аясында жергілікті шаруа қожалықтары «СПК Тобыл» АҚ арқылы 20 млрд теңгеден астам және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 21 млрд теңгеден астам несие алды. Сондай-ақ шаруалар ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасын пайдаланып, 4 млрд теңгеден астам қаражат тартты.
Өңірдегі басты басымдықтардың бірі – техниканы жаңарту. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында шаруалар 12 млрд теңгеден астам сомаға 385 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға келісімшарт жасасты. 2024 жылы өңір шаруашылықтары 173 трактор және 97 комбайн алды.
Солтүстік Қазақстан облысында қардың ерте еруі және көктемде температураның тұрақты жоғарылауы егіс науқанының уақтылы басталуына қолайлы ауа райы жағдайын қамтамасыз етті.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 4,4 млн гектарды құрайды. Дәстүрлі негізгі дақыл – дәнді дақылдар: 3,3 млн гектар. Майлы дақылдар алқабы 760 мың гектарға дейін ұлғайып, өткен жылмен салыстырғанда 85,8 мың гектарға артты. Бұл өсім күнбағыс (+24,6 мың га), зығыр (+47,9 мың га) және рапс (+16,3 мың га) алқаптарының кеңеюі есебінен қамтамасыз етілді. Мал азығы дақылдарына 392 мың гектар, картопқа – 8 мың гектар, көкөністерге – 1,3 мың гектар бөлінді.
Өңірде егіс жұмыстары сәуір айының соңында басталып, агротехникалық талаптарға сай және уақытында жүргізілді. Соның арқасында өңір бұршақ және майлы дақылдарды себуді алғашқы болып бастаған аймақтардың қатарына енді.
Егіс жұмыстарының толық орындалуы және диқандардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
Қазіргі уақытта дәнді-бұршақты дақылдарды егу толық көлемде аяқталды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етілді. Егіншілердің иелігінде 470 мың тонна сапалы тұқым бар, оның ішінде 52,6 мың тоннасы — элиталық тұқым. Сорт жаңарту деңгейі 11,2 пайызды құрап отыр. Минералды тыңайтқыштар 317,1 мың тонна көлемінде шартқа отырғызылған, бұл егісті сапалы агротехникалық өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді.
Дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техника паркі толық қамтамасыз етілген. Егіс жұмыстарына 12,3 мың трактор тартылған, оның ішінде 4 мыңнан астамы — жоғары өнімді техника. Сонымен қатар 13,7 мың дән себетін техника мен 1,5 мың заманауи егіс кешені жұмыс істеуде. Техникалық дайындық деңгейі 100 пайызды құрайды.
Шаруалар 52,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз етілді, оның литрі 254 теңге болып белгіленген. Бұл нарықтық бағадан (311 теңге/литр) едәуір төмен.
Егіс жұмыстарының уақтылы әрі сапалы жүргізілуінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шешуші рөл атқаруда. «Кең Дала 1» және «Кең Дала 2» бағдарламалары аясында шаруалар 92,6 млрд теңге көлемінде қаржыландыруға қол жеткізді. Оның ішінде 37 млрд теңге «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бағытталды. Ал «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға 14,4 млрд теңге бөлініп, 442 техника бірлігі қаржыландырылды. Сонымен қатар форвардтық сатып алу тетігі аясында қосымша 7,4 млрд теңге қаражат бөлінді.
Егіс және жинау науқандарын қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау
Жыл сайын отандық шаруалар үшін жеңілдетілген қаржыландырудың жеткіліксіздігі өзекті мәселе болып келді. 2023 жылы республикалық бюджет қаражатынан бөлінген қаржы есебінен «Кең дала» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 140 млрд теңге сомасына 3 615 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылып, 3,6 млн гектар егіс алқабы жеңілдетілген қаржыландырумен қамтылды.
Алайда қолжетімді несиенің жеткіліксіздігінен көптеген шаруа агротехнологиялық талаптарды толық сақтай алмады, сапалы тұқымдар мен жеткілікті минералды тыңайтқыштар сатып алмаған, өсімдіктерді қорғау шаралары төмен деңгейде жүргізілді, ал бірқатары ескірген техникамен жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Мәселенің түпкі себебі – саланы бұрынғыдай тікелей мемлекеттік қаржыландыруға негіздеу арқылы бюджет несиелерінің жетіспеушілігіне байланысты болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Үкімет, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін жеңілдетілген несие қаражатына қолжетімділікті арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Өткен жылы осы бағыттағы тәсілдер түбегейлі қайта қаралды.
Осылайша, коммерциялық қаражат пен қаржы құралдарын біріктіру есебінен 2024 жылы көктемгі егіс және күзгі жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 3 еседен астам артты. Несие беру көлемінің ұлғаюы нарықтық құралдарды, атап айтқанда, облигациялық қарыздарды тарту және олардың купондық сыйақыларын субсидиялау есебінен мүмкін болды. Бұл механизмді іске асыру үшін 2024 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 60 млрд теңге бөлінді.
Сонымен қатар шаруаларға жылдық 5% мөлшеріндегі "таза" жеңілдетілген несиені барынша қысқа мерзімде жеткізу міндеті қойылды.
2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жинау жұмыстарын қаржыландыру мақсатында 700 млрд теңге бөлінді. Егіншілер техника сатып алуға және оны жеңілдетілген 5% мөлшерлемемен рәсімдеуге мүмкіндік алуы үшін тағы 250 млрд теңге ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен қаржыландыруға бағытталды.
Бұл қаражат әрбір шаруашылыққа нақты жетуі үшін алты бағыттан тұратын тарату жүйесі құрылды. Олардың қатарында:
-
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ,
-
екінші деңгейлі банктер,
-
микроқаржы ұйымдары,
-
өңірлік инвестициялық орталықтар,
-
несие серіктестіктері,
-
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) бар.
Бұл ретте еліміздегі АӨК тарихында алғаш рет егіс науқанын жеңілдетілген қаржыландыру 2024 жылғы желтоқсаннан басталғанын атап өткен жөн. Бұл 2025 жылғы науқанды ерте қаржыландыру бастамасының арқасында мүмкін болды.
Осылайша, Үкімет қолдауының арқасында қысқа мерзім ішінде шаруаларға тек «Аграрлық несие корпорациясы», екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, өңірлік инвестициялық орталықтар мен несие серіктестіктері арқылы ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы да тікелей қаржыландыру жолымен қолжетімділік қамтамасыз етілді.
Көктемгі егіс және жинау жұмыстары кезінде кепілдік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мәселесін шешу мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы несиелерге кепілдік беру тетігі көзделген. Бұл тетік несие сомасының 85%-ына дейінгі бөлігін кепілдендіруге мүмкіндік берді.
Өтінімдер қабылдана бастаған сәттен бастап жалпы сомасы 493,5 млрд теңгеге 7407 өтінім қабылданды. Оның ішінде 6988 өтінім мақұлданып, қаржыландырылды. Бұл 7,3 млн гектар егіс жұмыстарына дайындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Кепілдік базасы жеткіліксіз шаруашылықтар үшін «Даму» қоры арқылы шағын және жаңа бастаған фермерлердің қаржыға қол жеткізуі қамтамасыз етілді. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 166,5 млрд теңгеге 1134 кепілдік беріліп, берілген несиелердің жиынтық көлемі 195,9 млрд теңгені құрады.
Жеңілдетілген қаржыландыру аясындағы өндірушілерді қолдаудың тағы бір маңызды бағыты – бұл лизинг. Саланы сапалы техникамен жаңартпай, оның әлеуетін арттыру мүмкін емес. Осы мақсатта 2024 жылы 120 млрд теңге көлеміндегі қаражат «КазАгроФинанс» желісі бойынша «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасын іске асыруға қайта бағытталды.
Мұнда атап өтерлік жайт, бұған дейінгі жылдары КАФ қаржыландыруының жалпы көлемі жылына 170–175 млрд теңге шамасында болып, оның 90%-ы жылдық 20–22% коммерциялық мөлшерлеме бойынша ұсынылатын. Мұндай жоғары пайыздық сыйақы көптеген шаруалар үшін қолжетімсіз болатын. 2024 жылы шаруаларға жылдық 5% мөлшерлемемен ең қажетті отандық техника түрлерін сатып алуға жағдай жасалды. Бұл отандық машина жасау саласының дамуына оң әсерін тигізуде.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 870 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 4 320 бірлік ең қажетті отандық техника сатып алды.
Сондай-ақ шаруаларды қолдаудың қосымша шарасы ретінде өсімдік шаруашылығы өнімдері мен отандық шикізаттың өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған өңдеу кәсіпорындарын айналым қаражатымен қамтамасыз етуге арналған 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесімен жаңа қаржыландыру тетігі іске қосылды. Бұл бағдарлама аясында өңдеу зауыттарының жүктемесін арттыру мәселесі шешімін тапты. Аталған бағыт бойынша 2024 жылы қаржыландыру көлемі 35 млрд теңгені құрады. 2025 жылы бұл мақсатқа 40 млрд теңгеден астам қаржы бағыттау жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары белсенді түрде жүзеге асырылуда. Негізгі құралдардың қатарында – инвестициялық субсидиялар, несие мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы бар. Бұл тетіктер шаруаларға заманауи техниканы анағұрлым тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді.
Ең маңызды ынталандыру құралы – инвестициялық субсидиялау бағдарламасы, оның шеңберінде шаруаларға сатып алынған техниканың құнының 15%-дан 30%-ға дейінгі бөлігі өтеледі (оның басымдық деңгейіне қарай). Қосымша қолдау ретінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қарастырылған: басым техникалар үшін – 6%-ға дейін, қалған түрлер үшін – 15%-ға дейін. Бұдан бөлек, фермерлерге жылдық 5% мөлшерлемемен техника алуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген лизинг бағдарламасы белсенді түрде дамып келеді.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 139 мың трактор, 31 мың комбайн, 5,6 мың егіс кешені, 71 мың тұқым сепкіш және 141 мың топырақ өңдеу құралдары тіркелген. 2024 жылы техника паркін жаңарту деңгейі 5,5%-ды құрап, 2023 жылғы 4,5%-дан айтарлықтай асып түсті. 2025 жылға жоспарланған көрсеткіш – 6,5%. Жалпы алғанда, техника паркін технологиялық тұрғыдан заманауи деңгейде ұстау үшін жаңарту деңгейін 8–10%-ға жеткізу қажет.
Министрлік 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 9%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техника лизингінің жеңілдетілген бағдарламасын қаржыландыру көлемін 450 млрд теңгеге дейін жеткізу көзделуде.
Қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары машинно-трактор паркін жедел жаңартуда жоғары тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл – нақты көрсеткіштермен дәлелденеді: егер 2017 жылы 8,5 мың бірлік техника ғана сатып алынған болса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 22,1 мыңға жетіп, 2,5 есеге артты.
Әсіресе, «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы шеңберінде айтарлықтай ілгерілеу байқалады: 2025 жылы бөлінген 250 млрд теңге шамамен 6 мың бірлік техника сатып алуға мүмкіндік береді. 24 ақпаннан бастап (өтінімдер қабылдана бастаған күннен) «ҚазАгроФинанс» АҚ-ға 129,2 млрд теңге сомасына 3 555 өтінім келіп түсті. Қазіргі уақытта жалпы құны 85,7 млрд теңге болатын 4 580 техника бірлігін жеткізуге 2 400 келісімшарт жасалды.
Заманауи егіс кешендері биылғы егіс науқанында белсенді түрде қолданылуда – 5,6 мың бірлік техника дәнді дақылдар егісінің 70%-ын қамтып отыр. Бұл John Deere, CLASS, RSM сынды жетекші әлемдік брендтердің техникасы, олар дәл егіншіліктің GPS, автопилот, тұқымдарды дәл себу, тыңайтқыш пен гербицид енгізу жүйелерімен жабдықталған.
Егіс науқанының табысты өтуіндегі маңызды фактор – жанар-жағармай материалдарымен (ЖЖМ) үздіксіз қамтамасыз ету. 2025 жылы егіс жұмыстарына 401 мың тонна дизель отыны бөлінді (2024 жылы – 376,4 мың тонна). Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы өндірушілерінен шамамен 17 мың өтінім қабылданды. Мемлекеттік реттеу шараларының арқасында дизель отынының түпкілікті бағасы литріне 254 теңгені құрады, бұл АЖС-тердегі нарықтық бағадан (301–307 тг/л) 15–20% төмен.
Министрлік тарапынан өңірлерге отын жөнелтуді күнделікті бақылау жүзеге асырылуда: жоспарланған 368,8 мың тоннаның 339 мың тоннасы (92%) төленіп, 308 мың тоннасы (84%) жөнелтілді.
Мемлекет тарапынан қабылданған шаралар машинно-трактор паркін жаңарту мен шаруаларды ЖЖМ-мен қамтамасыз етуде нақты нәтижелер беріп, АӨК-тің тұрақты дамуына қажетті жағдай жасады.
Жалпы алғанда, 2025 жылғы егіс науқаны еліміздің агроөнеркәсіп кешені дамуындағы жаңа кезеңнің айқын көрінісіне айналды. Мемлекет басшысының бастамалары мен Үкіметтің жүйелі жұмысының арқасында егіншілер алғаш рет маусым басталмай тұрып-ақ жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді. Мемлекеттік қолдау тетіктеріне енгізілген түбегейлі өзгерістер көмегімен тек көмек көрсету ауқымы мен тиімділігі кеңейіп қана қоймай, алдыңғы жылдарға тән басты мәселелер – айналым қаражатының жетіспеушілігі мен далалық жұмыстардың кеш басталуы – шешімін тапты. Бұл өз кезегінде науқанды дер кезінде жүргізуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және жоғары сапалы егін егуге мүмкіндік берді.
Нәтижесінде тек нақты ұйымдастыру мен жоғары қарқын ғана емес, сонымен қатар орнықты әрі әртараптандырылған егіншілікке көшу бағытында айтарлықтай ілгерілеу байқалды. Осылайша, сапалы өнім алуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға берік негіз қаланды.

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 54
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
Экономикалық және қаржылық саясат;
Цифрландыру;
Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
Сыртқы саясат және инвестициялар.
Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Құзыреттерді бағалау;
Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 105
Выступая с Посланием народу Казахстана, глава государства Касым-Жомарт Токаев заявил, что общенациональный референдум по вопросу строительства АЭС состоится 6 октября 2024 года.

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 128
Для граждан, желающих глубже разобраться в вопросах атомной энергетики и строительстве атомной электростанции (АЭС), на портале Gov.kz и в мобильном приложении eGov mobile создан новый раздел с ответами на часто задаваемые вопросы.

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 121
Как сообщили в пресс-службе Акорды 6 декабря, глава государства изучит экономические показатели Актюбинской области и осмотрит несколько важных для региона общественно-культурных площадок.

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 119
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 118
23 мая на полях третьего Катарского экономического форума, проходящего в Дохе, состоялась встреча премьер-министра Казахстана Алихана Смаилова и эмира Катара шейха Тамима бин Хамада Аль Тани, сообщает Zakon.kz.

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 91
В рамках государственного визита президента Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику Касым-Жомарт Токаев и Си Цзиньпин подписали Совместное заявление, сообщает Zakon.kz.

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 110
Сегодня президенту Казахстана Касым-Жомарту Токаеву исполнилось 70 лет, сообщает Zakon.kz.

- Категория: Қазақстан жаңалықтары
- Көру саны: 101
В рамках рабочего визита в Российскую Федерацию глава государства Касым-Жомарт Токаев провел обстоятельный разговор с президентом России Владимиром Путиным, сообщает Zakon.kz.