Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жөнінде Арқалық қаласында жедел штаб отырысын өткізді.
Әлеуметтік көмек көрсету, су тасқыны салдарын, атап айтқанда байланыс, электр энергиясы, жол қатынасы, телефония, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қалпына келтіру және тағы басқа мәселелер қаралды.
Өткен тәулікте ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 116 мың текше метрден астам еріген қар су сорылды, 5,8 мыңнан астам қапшық және 370 тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 953 адам, 441 бірлік техника, 157 бірлік су айдау құралдары және 22 бірлік жүзу құралдары, 4 әуе техникасы тартылды.
38 елді-мекен электр қуатынан ажырап қалды.
Құмар Ақсақалов ақауларды жою жұмыстарын жедел жүргізуді тапсырды.