13 маусымда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Қостанай облысына жұмыс сапарымен келеді.
Бірінші кезекте бизнес-омбудсмен ӨКП алаңында кәсіпкерлердің жеке қабылдауын өткізеді.
Келесі күні облыс басшылығымен кездесіп, өңірлік бизнестің өткір мәселелерін талқылайды.
Жеке кездесудің өтетін орны мен уақыты: 2023 жылғы 13 маусым, сағат 15.00 – 20.00 аралығында ӨКП ғимаратында ( қабат, конференц-зал), Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі 114.