23 қарашада полицияға 35 жастағы ер адам жүгінді.
Ол 3 күн бұрын әр түрлі жастағы және түстегі 45 бас жылқыны жайылымнан таппағанын хабарлаған. Ер адам жылқыларды өз бетінше іздеуі еш нәтиже бермеді. Себебі ауданда ауа-райы бұзылып, боран соғып тұр. Хабарламадан кейін Алтынсарин ауданының қызметкерлері іздеуге дереу кірісті.
Жылқылар 2 сағаттан кейін Щербаков ауылының маңынан табылды. Іздеуге 3 бірлік техника мен 6 қызметкер жұмылдырылды. Жылқы иесі полицейлерге алғысын білдірді. Полиция жылқыларды қадағаламаған шопанды ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін жазаға тартады. Оған 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.