Тіліңізді таңдаңыз

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша Жамбыл облысының тәжірибесін кеңейту жөніндегі бастамасын орындау мақсатында Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру басталды.

Аталмыш бағдарламаның операторы - «Тобыл» ӘКК» АҚ.

Бұл бағдарламаны іске асыруға 1,2 млрд. теңгебөлінген, қаражат ӘКК атына мамыр айының басында аударылды.

Микронесиелеугежұмыссызжәне жұмыспен қамтылған азаматтардың жекелеген санаттары - ісін жаңабастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, қысқартылатын жұмыскерлер, табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кооператив мүшелері, атаулы әлеуметтік көмек алып,өзін-өзі жұмыспен қамтығаназаматтар жатады.

Бағдарламалық құжаттарда тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алу мен сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, аталған тұлғалардың ауылдық жерлерде кез келген жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген.

 Микрокредиттің негізгі шарттары

  1. микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

  2. микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендер (әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда (Тобыл қ.) – бір өтініш берушіге 8, 6 млн. теңгеге дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 27, 6 млн. теңгеге дейін;

  3. номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%

4) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды (жеке қызмет саласына қарай кредиттік комитеттің қарауына байланысты);

5) кепілмен қамтамасыз ету құрамы өтімді мүліктің (жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (егістік жерлер), автокөлік (арнайы техника және жылы мен өндіруші зауытына байланысты көліктің басқа түрі), екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері, депозиттері)) кемінде 70% және және өтімділігі төмен мүліктің кемінде 30% (құрал-жабдық, а/ш жануарлары) құрауы тиіс;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

Несиелеу шарттары туралы толығырақ «Тобыл» ӘКК АҚ сайтынан танысуға болады.

Жергілікті жерлерде, ауылдық өңірлер мен аудан әкімдіктері жанынан жұмыс топтары жасақталған, бағдарлама шарттары бойынша халыққа толық ақпарат беріліп, құжаттардың бастапқы пакетін жинауға көмек көрсетілуде.

Несие беру процесін жеделдетіп, қарыз алушылардың келуін азайту мақсатында әр аудан өкілі жүгінушілердің құжаттарын ӘКК-ге өздері апарып береді.

ӘКК жанынан «Ауыл аманаты» бағдарламасына әлеуетті қатысушылардың құжаттарын қарау үшін кредиттік комиссия құрылған (7 адам).

Комиссия құрамына«Тобыл» ӘКК, ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» филиалы, облыстық қоғамдық кеңес және облыстық мәслихат өкілдері енгізілген.

Қазіргі таңда «Тобыл» ӘКК «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алуға ауыл тұрғындарынан 500-ден астам өтініш келіп түскен.

Ағымдағы жылдың 15 маусымында он бір қарыз алушының шотына 85,6 млн.теңге сомасында кредит аударылды, оның жетеуі - нәтижесіз жұмыспен қамтылған, екеуі –жұмыссыз азамат.

Көп жағдайда азаматтар мал шаруашылығын дамыту үшін несие алуға өтініш беруде.