Выберите язык

2024 жылдың 27 сәуірінде Алтынсарин ауданында Қазақ күресінен “Алтынсарин қыраны-2024” аудандық турнирі өтті.

Аудан түкпірінен жиналған спортшылар арасында Большая Чураковка ауылдық округінің спортшылары үздік өнер көрсете білді.

Атап айтсақ, 60 келі салмақта Клейм Александр 2 орын, 82 келі салмақта Абдухалимов Айдос 2 орын, +100 келі салмақтан Садау Ғасыр 2 орын иеленсе, дәл осы салмақта Қапиятов Еркебұлан 1 орынды иеленді! Турнирдің “Алтынсарин қыраны-2024” атағында жерлесіміз Қапиятов Еркебұлан жеңіп алды! Жарыс ұйымдастырушылары мен ауылымыздың намысын қорғаған спортшыларымызға үлкен алғысымды білдіремін! Жеңісті күндер көп болсын!