Выберите язык

Қоңыр күз де ортамызға келіп, жапырақтар сарғайып жерге түсіп күздің ерекшеліктері көріне бастады. Осы уақыттағы әрбір балабақшаның міндеті ертеңгіліктер өткізу. Ертеңгіліктердің мақсаты: балалардың өз қабілеттерін дамыту. Сахнаға дұрыс шыға білуге, эстетикаға тәрбиелеу.

Алтынсарин ауданы Обаған ауылында орналасқан «Сәбинұр» бөбекжайы да өзінің «Қош келдің жомарт күз!» атты ертеңгілігін өткізді. Ертеңгіліктің сапасы мен деңгейі балаларды тәрбиешенің балаларды қалай дайындағанына байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар мектептегі оқушылардай тез қабылдап ала алмайды. Сондықтан балаларды кезекті ертеңгілікке бірнеше апта бұрын дайындайды. Ертеңгілік барысында балалардың өздерін ұстауы, әні мен биі көз қуантарлықтай болды. Бұл әрине тәрбиешілердің алдын ала дайындаған еңбектерінің нәтижесі.

Дегенмен, балалардың тақпақтарын жаттатқызып, әрі оларға әні мен биін де үйрету тек тәрбиеші ғана істейтін шаруа емес. Сондықтан ертеңгілікке дайындау барысында музыкалық жетекші де көмек көрсетеді. Ертеңгілікте балалардың әні мен биі жоғары деңгейде өтті. Бүлдіршіндерді жалықпастан дайындағаны үшін тәрбиешілер мен музыкалық жетекшісі Әшім Көркемге алғысым шексіз. Осы кезде «Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-деп Абай атамыздың көркем өлең жолдары еске түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларды қандай іске болса да үйрету күрделі шаруа. Тәрбиешінің алдында баланың жас ерекшелігін, психологиясы мен мінез-құлқын ескеру сияқты талаптар болады. Осының ескере отырып балаларға үйретуден жалықпаған тәрбиеші – нағыз өз мамандығын сүйетін адам.

Сөзімді Л.Н.Толстойдың «Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады.Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей,шешесіндей сүйетін болса,ол барлық кітаптарды оқыған,бірақ іске де,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ.Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса,ол-кемел ұстаз», -деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Тәрбиешінің жұмысы нәтижелі болу үшін ең алдымен ісіне деген сүйіспеншілік және махаббат керек.

«Сәбинұр»бөбекжайының меңгерушісі: Кабиева Г.Ж