Кеше ғана желтоқсанның 4 ші жұлдызында Алматы төрінде MuzLife және Zhuldyz TV музыкалық телеарнасы ұйымдастыруымен «ЖЫЛ ТАҢДАУЫ -2022» телевизиялық түсірілім байқауы өтті.
Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен баладан ағаға дейін аралықта қазақ еліне ән сыйлап жүрген азамат азаматша қатысты. Барлығы авторлық түрде жазылған өз әндерін орындап экран алдында өнерлерін паш етіп, қырағы көрермен мен Республикалық Zhuldyz TV телеканалының жыл қортындысы деп арнап берген номинацияларға ие болды. Жыл қортындысы болғандықтан әрбір әншінің инстаграм парақшаларын жыл бойғы жасаған еңбектерін зерделеп тексеріп бағалай отыра ,әншілердің жыл бойғы өнерге қандай бағытта қызмет жасағанын анықтап өз бағаларын берді.
Оның ішінде өзіміздің Алтынсарин ауданының Мәдениет үйінің қызметкері ақын, термеші, әншісі Серік Алпысовта өнерін көрсетіп, өз әнін Алматы төрінде орындап келді. Республикалық каналдың түсіріліміне қатысып елге абыроймен оралды. Республикалық Zhuldyz TV каналы Серік Алпысовтың Қассақ тобымен орындаған әндерін және де ұлт ұзтазы Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың 150 жылдығына арнап жазылған поэмаларын тыңдап, олардың ел арасында кеңінен таралып елдің ыстық ықыласына бөленіп жүргендігін көріп, рухани ерекше бағытты жанр деп Серік Алпысовқа «ЭТНО ӘНШІ» номинациясы мен MuzLife және Zhuldyz TV статуэткасы табысталды.
Бала күннен ауылдан әнші болсам деп келген Серік үшін өнер ордасы Алматыдан мұндай сый алу үлкен қуаныш, үлкен жетістік. Аудан төріне келгелі Мәдениет үйіне жұмысқа орналасқалы бір тыным тапқан емес. Өйткені алдыға қойған мақсаты бар мұраты бар. Біз Серікті ұлттық өнердің шыңынан және телеарналардың төрінен көруге тілекшіміз және сенеміз. Ауданның ғана емес облыс атында талай төрге шығарары анық. Ұлттық өнерімізде ерекше бағытымен көзге түсіп, зор марапатқа ие болған жалынды жасымыз Серік Алпысовқа сәттілік тілейміз.