Выберите язык

2018 жылғы 30 қарашада Елбасы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығына бару және жас патриоттармен кездесу кезінде әскери-патриоттық қозғалысты одан әрі дамытуға, өңірлерде "Жас сарбаз"

қозғалысының филиалдарын құруға бастама берді.Елбасының оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені күшейту туралы тапсырмасын орындау мақсатында "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі»КММ 2019 жылдан бастап "Жас сарбаз "жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі болып табылады.

Жылдағы дәстүрге сай, «Жас сарбаз» мамандандырылғын сыныптарының ант қабылдау рәсімі өткізілді. 
Бұл күнгі маңызды рәсімге Қостанай аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы:подполковник Аймұханов Сабит Асылбекұлы және бөлім бастығының әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі көмекшісі: Көшкінбаева Жүзімгүл Теміржанқызы, Қостанай ауданы және ауданымыздың басқа мектептерінің АӘТД пәнінің жетекшілері сонымен қатар «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының ата-аналарыарнайы шақыртылды.
Қостанай аудандарының қорғаныс істері жөніедегі біріктірілген бөлімінің бастығы:подполковник Аймұханов Сабит Асылбекұлы «Жас сарбаз» сыныбын жылы лебізімен құттықтауды.

Өткізілген іс-шара аясында «Жас сарбаз» сыныбының 19 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдады.

2019-2022 жылғы «Жас сарбаз» сыныбы биылғы жылы әрі қарай жалғасын тапқан 2022-2025 жылға дейінгі «Жас сарбаз» тәрбиеленушілеріне «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының Туын взвод командирі 10 сынып оқушысы Жолдыбекова Дариға ерекше сеніммен салтанатпен биылғы взвод командирі 6 сынып оқушысы Тайшығара Ұланға табыс ету сәті өте әсерлі болды.

. «Жас сарбаз» ант қабылдап алған соң мектеп басшысының міндетін атқарушы Муратбек Рина апай құттықтау сөз сөйледі. Ата- аналар тәрбиеленушілерді құттықтап гүл шоқтарын табыстап естелік суретке түсті. Болашақ патриоттарға күш- жігер беру мақсатында ауданымыздың мәдениет үйінің әншілері патриоттық әндерден жыр-шашуларын айтты. Бұл өткізілген іс –шара өте жоғары деңгейде өтті. Кеңес Одағының батыры жерлесіміз С.Г.Амеличкиннің ескерткішіне Қостанай ауданы мен ауданымыздың АӘТД пәнінің жетекшілері гүл шоқтарын қойды.

Сейдазымов Талгат Доскалиевич,Ы. Алтынсарин атындағы
Обаған жалпы білім беретін мектебінің
«Жас сарбаз» мамандандырылған
сыныбының жетекшісі