Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Бала өсіп өне келе, тәлім-тәрбие алуға мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнайды.
Биылғы жылдың 5 -9 қыркүйек аралығында Краснокордон жалпы білім беретін мектебімізде «Отбасы тәрбиесі – тұрақты қоғам дамуының факторы» атты ата-аналар апталығы аясында жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Апта бойына ата-аналарға ашық есік күндері жарияланды. Әсіресе 1 сынып және 5 сынып оқушылар ата-аналарына. Бұл күндері оқушылардың аналары сабақтарға қатысып, балаларының оқу қабілетімен танысып, пән мұғалімдерімен пікір алмасты.
5-6 қыркүйекте 1-11 сынып жетекшілері өз сыныптарымен «Менің отбасым» атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді.
7-8 қыркүйекте мектеп педагог-психологы тәрбие мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында 5 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізді.
Жыл бойы мектепбімізде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін қайырымдылық акциялары өткізіледі.Және де 5-11 сынып оқушылары бекітілген зейнеткерлерге көмек көрсетеді.
9 қыркүйекте "Менің отбасым" балалар суреттерінің конкурсы ұйымдастырылып өткізілді. 6 сынып оқушылары белсенді қатысты.
Ұйымдастырылған апталық оң нәтиже беріп, тақырып аясында оқушылар мен ата-аналар, мұғалімдер өзара тығыз байланыста болып, көкейде мазалаған сұрақтарына жауап алып, сұхбаттасып, пікірлескен болатын.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім
бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ Қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары Сергалиева Гульзара Нурмагамбетовна