Выберите язык

Биыл қазақ жазушысы және ақыны, Қостанай облысының тумасы Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына байланысты Краснокордон жалпы білім беретін мектебінде ақынның мерейтойна арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары іс-шараға белсене қавтысты.

19 қыркүйекте 1-11 сынып аралығында "Сырбай Мәуленов" атты аптаның ашылуы өтті. іс-шараны мектептің өзін-өзі басқаруы .Жиында мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды.

20 қыркүйек күні мектеп кітапханашысымен "Жыр тұлпары, Сыр сұңқары"атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға жазушының өмірбаянын, оның табиғатқа, туған жерлеріне және адамдарға деген сүйіспеншілігі туралы айтты. Сондай-ақ Сырбай Мәуленов Ленинград блокадасының бұзылуы кезінде ауыр жараланғанын айтты.

«Оқу мектебі» жоба бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 5 сынып оқушылар арасында "Өлеңдер өмір сүріп жатқанда, ақындар өмір сүреді" атты іс-шара өткізді, оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтты.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің

Краснокордон жалпы білім беретін мектебі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сергалиева Гүлзара Нұрмағамбетқызы