Выберите язык

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы атап көрсеткендей, биылғы соңғы қоңырау салтанатты жиыны «Балалар жылына» арналды.

Салтанатты жиын барысында, 2021-2022 оқу жылының түлектері шақырылған соң, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізіліп, әнұраны айтылды. Мектеп басшысы Ахмадиева Н.М. жиынға қатысушылар мен қонақтарды, ата-аналарды, оқушылар мен түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі.

Сонымен қатар, білім саласында үздік нәтежелерімен танылған оқушылардың жетістік грамоталарын табыстады. Соның ішінде, I Canat олимпиадасында Республикалық кезеңге өткен Мамбаев Жанболат, жеңіс күніне орай өткізілген облыстық «Менің аталарымның жеңісі» тақырыбындағы эссе байқауында Бидаулетов Тимур, Елбасы медалін иеленген Тайшығара Айжан сияқты оқушылар ерекше аталып өтті.

Тайшығара Айжан, Берекеқызы Ботагоз және Сабах Нұрәлінің ата-аналары балаларының жетістіктері үшін мектеп басшысының алғыс хатын алды.

2021-2022 оқу жылында үздік оқығаны үшін «Үздіктер шеруі» болып өтті. Биылғы оқу жылында мектебімізде ерекше аттестатқа үміткер Берекеқызы Ботагозді айтып кетуге болады. Түлектер білім берген ұстаздары мен алтын ұя мектебіне алғыс білдіріп, жүрек жарды тілектерін арнады.

Білім кілтін ұсыну үшін, мектебіміздің 11 – сынып оқушыларын Берекеқызы Ботагоз бен Куантаева Аружан ортаға шақырылып,мектептің алтын кілтін ізін басар 10-сынып оқушылары Қаскырбаева Альмира мен Самитов Азатқа табыстады, 10 сынып ант етіп қабылдап алды.

Жиын барысында мектеп түлектері өздерінің жылы тілектерін ата-аналар мен қонақтарға, мектеп ұстаздарына, оқушыларға білдіріп, қоштасу әнін айтып, соңғы қоңырау соғып, қоштасу вальсін биледі.

Ахметжанова А.Г.Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісінің орынбасары