Қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің 23 маусым күні атап өтілетін өз кәсіби мерекелері бар. 23 маусым - мемлекеттік қызметшілкер күні.
Қазіргі кезде мемлекеттік қызметке жастар көптеп келуде. Басшылық қызметте де жастар қарасы көбеюде. Өзін мемлекетке қызмет етуге арнауға шешім қабылдаған адамның қандай қасиеттерге ие болғаны дұрыс деген сұрақ туындауы анық. Мемлекеттік қызметші үнемі өзінің жоғары мәртебесіне сай болып, байыпты және кәсіби тұрғыда қалыптасуы тиіс, жылдар өте келе «кәсіби тоқырау» дегенге тартылмай, өз қызметін жақсарту жолдарын ұдайы іздестіруі қажет.
Ол өз ісіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік және мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қызметші сыпайы, тіл тапқыш болуы тиіс, өйткені қызмет барысында ол азаматтармен және жұмыста әріптестерімен үнемі қарым-қатынаста болады.
Осы қасиеттерді бойына сіңірген азаматтар және азаматшалар ел үшін қызмет қылары анық.