Димитров ауылдық округі аумағында Танабай-Зуев жолын жөндеу жұмыстарын жүргізетін "АРВИС" ЖШС мердігерлік ұйымымен кездесу өткізілді. Естеріңізге сала кетейік, жоба екі жылдық, жолдың ұзындығы - 15 км.
Қазіргі уақытта асфальт төсеу үшін негіз төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті қоғамдастық өкілдері қоғамдық бақылау жүргізді.
Тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.