14 ақпаны күні Алтынсарин ауданы Қоғамдық кеңесінің қоғамдық тыңдауы өтті, онда аудан әкімі А. Сартов «Ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» баяндама жасады.
Сондай-ақ, отырыста «Алтынсарин ауданының қоғамдық кеңесінің 2021 жылғы атқарылған жұмысы туралы» аудандық қоғамдық кеңесінің хатшысы Б. Сегізбаева баяндама жасады. Тыңдауға ҚО мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігі мен ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілі қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі аудан активінің атынан екінші шақырылым мүшелеріне алғыс айтып, алғыс хаттармен марапаттады.