8 сәуірде ҚР МАМ бастамасымен бүкіл республика бойынша "Таза Қазақстан"ауқымды экологиялық акциясы басталды.
Науқан бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. 13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта "Таза өлке" деп аталады – осы жеті күн ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалайды.