Бүгін біз Ұлы Жеңіс Күнін атап өтеміз.
Ең алдымен, біз соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетеміз, қаза тапқандарды, хабар-ошарсыз кеткендерді және кімнің арқасында бейбіт аспан астында өмір сүретіндердің барлығын еске аламыз.
Алтынсарин ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері - Михаил Михайлович Яковенков тұрады. Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік концерт өткізіп, жалғыз ардагерімізді құттықтадық.
Құрметті Алтынсарин ауданы тұрғындары, достар, әріптестер!
Ерлiк пен батырлықтың мерекесi — Ұлы Жеңiс күнiмен сiздердi шын жүректен құттықтаймын. Республикамыз әрi қарай өркендеп гүлдене берсiн, әр отбасына тыныштық пен бейбiт өмiр тiлеймiн.