Тіліңізді таңдаңыз

20 мамыр күні «Сәбинұр» бөбекжайында Алтынсарин ауданы бойынша барлық тәрбиешілер мен әдіскелердің қатысуымен аудан көлемінде ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН өтті.

Келген қонақтарды бөбекжай психологы Түйтенова Айдана Еркінқызы «Көңіл-күй» тренингімен қарсы алып барлығы жақсы көңіл күйде келді.

Семинардың негізгі тақырыбы: « Білім беру кеңістігі инновациялық технология және тәрбиешілердің мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндермен жұмыс істеу нысаны». Осы тақырыпқа сай , семинарымыздың шымылдығын әдіскер –Серікбай Маржан Сәрсенбайқызы ашып барлығына сәттілік тілеп, ал Сәбинұр бөбекжайының меңгерушісі Кабиева Гүлжанат Жолдыбайқызы келген қонақтарды бөбекжаймен таныстырып, ашық сабақ өткізетін тәрбиешілерге сәттілік тіледі.

Семинардың бағдарламасы бойынша ары қарай, «Алтын балық» ересек тобының тәрбиешісі Жусупова Райхан Темирбекқызы ұйымдастырылған оқу қызметін жыл бойы өткен тақырыптармен түрлі тапсырмалар дайындап оқушылырға қызықты да, жоғары деңгейде өткізді. Келесі кезекте, «Балапан» кіші тобы «Балықтар» тақырыбында балаларды балықтардың тіршілік ортасымен таныстырып, әртүрлі балаларды қызықтыратын тапсырмалар орындады. Балалар аквариумдағы балықтарды көріп мәз болып, қалай жүзетіндерін қолдарымен көрсетіп танымдық деңгейде сабақ болды. Әр балабақшалардан келген тәрбиешілер сабақтарды талдап, өз ойларын жеткізіп, жоғары деңгейде бағалап кетті.

Семинарымызды қорытындылап, рефлексияда барлығы жиналып «Біз біргеміз» тақырыбында психолог тренинг жүргізді. Тренинг барлық тәрбиешілерге ұнады. Әр келген қонақ ұнаған сәттерін жүрекке жазып «Жүректен жүрекке» әдісі бойынша өз ізгі тілектерін жеткізіп, болашақта да осындай семинарлардың көп болғанын қалайтындарын жеткізді.

«Сәбинұр» бөбекжайының ұжымына өз алғыстарын жеткізді.
«Сәбинұр» бөбекжай бақшасының педагог-психологы Түйтенова А.Е.