2024 жылғы 1 сәуірде ауданның полиция бөлімінің бастығы Қ. Тілеубаевпен, аудан әкімі А. Сартов, акімнің орынбасары Ж. Омаров, ТЖБ бастығы А. Махмутов,
14-ӨСБ бастығы С. Секрибаев, бірлесіп Алтынсарин ауданының Шоқай, Осиповка, сондай – ақ Большая чураковка-Қарасу облыстық маңызы автожолы елді мекендерінің аумақтарындағы су тасқыны жағдайының алдын алу мақсатында, аумағына зерттеу жүргізілді. Пилотсыз ұшу аппаратын (ҰҰА) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда ауданның барлық учаскелері тұрақты мониторингпен қамтылған.
Жағдай бақылауда және елді мекендерді еріген судан қорғау бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде. Сонымен қатар, барлық автокөлік жүргізушілеріне сапарларын алдын-ала жоспарлауға, ресми ақпаратқа назар аударуға және еріген су тасқыны тіркелген трассаларға бармауға кеңес береміз.
Естеріңізге сала кетейік, қазір республикалық және облыстық жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді, сондай-ақ жедел желі іске қосылды: Қостанай облысы ТЖ Департаменті– 8 714 2 50 19 60;