Тіліңізді таңдаңыз

Құрметті достар, жерлестер!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің нышаны болып саналады. Тәуелсіз Қазақстан — шекарасы нақтыланған, рәміздері қалыптасқан, тілі мен төл теңгесі бар, әскери күші әлеуеттенген, тәуелсіздігінің белгісіндей әлемді сүйсінткен Астанасы бар іргелі мемлекет.

Сіздерге зор денсаулық және амандық тілеймін! Әрқашан бейбітшілік, бақыт және береке орнасын!