Тіліңізді таңдаңыз

Биыл Алтынсарин ауданында "Тың-Целина 2023" облыстық спартакиадасы өтеді.

Дайындық, оның ішінде БЖСМ спорт залын жөндеу, спорт алаңдарын құру және іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Осы аптада біздің ауданда спорт түрлері бойынша бас төрешілермен бірлесіп, Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының көшпелі кеңесі өтті. Спартакиаданы өткізу мәселелерін талқыладық.