Бүгін "AMANAT" партиясының "Жарқын ауыл" бағдарламасы аясында Алтынсарин ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен кәсіпкерлерінің өкілдерімен Обаған ауылдық округтері ауыл әкімдіктері арасында меморандумдар жасалды.
Бекітілген жоспар бойынша ауылдарды абаттандыру, жол белгілерін орнату, балалар ойын алаңын салу және көшелерді жарықтандыру және автомобиль жолдарын орташа жөндеу жоспарлануда.