Тіліңізді таңдаңыз

2022 жылғы 5 тамызда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Тілдарын" облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" облыстық байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін көтеру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқау 4 кезең бойынша өтті. 1 кезең "Тұсаукесер" команданы таныстыру; 2 кезең "Жер-судың аты - тарихтың хаты" команда капитандарының сайысы; 3 кезең "Конституцияны білесіз бе?" топтық сайыс; 4 кезең "Қазақшаңыз қалай?" шығармашылық сайыс.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша, әділқазылардың шешімімен 12 команда арасынан Алтынсарин ауданы атынан келген "Тіл біл" командасы 2- орынға ие болды.

"Тіл біл" команда мүшелерін: Бірмағамбетов Нұрлыбек Нағашыбайұлын, Ташанова Ақмарал Әділбекқызын, Шырдай Балғабек Қуандықұлын жеңістерімен құттықтай отыра, қызметте табыс тілейміз.