Алладан сұраған дұға- тілектеріңіз қабыл болсын!
Шаңырақтарыңыз шаттыққа, береке- бірлікке, молшылыққа, қуанышқа толы болсын.
Дендеріңіз сау болып, бала- шағаларыңыздың қасында ұзақ та бақытты өмір сүріңіздер.
Бай-қуатты, абыройлы болыңыздар. Әрбір істеріңізге Алла сәтін салып, берекесін берсін. Еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз мол болып, әрқашан жолдарыңыз ашық болсын.
Аспанымыз ашық, бейбітшілік, берекелі заманан болсын.
Алла тағала қашанда бірімізге қамқор болсын!