Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері және
аудан тұрғындары!
9 мамыр Жеңіс күні құтты болсын!Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.
Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде.
Алтынсарин ауданында 25 тылшы және жалғыз соғыс ардагері, Михаил Михайлович Яковенков тұрады.Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай ардагерге 1 млн теңге, ал тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден төленді.
Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Аким района Сартов А.М.