«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың маусым айында Алтынсарин ауданы әкімінің ауданның ауылдық округ, ауыл тұрғындарымен кездесулері өтеді.
Алтынсарин ауданы әкімінің халықпен кездесулерін дайындау шеңберінде тұрғындардан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылады.
Сұрақтар мен ұсыныстар 8 (71445) 34-2-48 телефоны арқылы, +7-707-125-58-99 нөмірі бойынша WhatsApp чаты арқылы (байланыс операторы Теле-2), Алтынсарин ауданы әкімдігінің Instagram парақшасындағы #вопросы_на_встречу_акима хэштегпен (https://www.instagram.com/altynsarin.akimdigi/)
Сондай-ақ, сұрақтарды Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі 4, индексі 110100, «әкімнің халықпен кездесуі» деген белгімен жазбаша түрде және Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі 4 мекенжайында орналасқан өтініштерге арналған жәшіктерге салуға болады.