«Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «Урицкий орман шаруашылығы мекемесі» КММ-мен бірлесіп, ауылдық округтің орман алқабындағы плакаттар мен баннерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізді.
Құрметті ауылдық округ тұрғындар және қонақтар!
Азаматтардың өрт қауіпі бар кезеңде орманда демалу қауіпті екенін ескертеміз.
От жағуға, ашық отты пайдалануға, сондай-ақ қоқыстарды, шөптерді, жапырақтарды және басқа да қалдықтарды, материалдарды немесе бұйымдарды жағуға тыйым салынады.
Естеріңізде болсын - ормандағы өрт найзағай жылдамдығымен таралады!