Алтын уақыттарын жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға жұмсайтын ұстаздарымыз бүгін де өздерінің бастапқы дағдыларынан тайған жоқ.
24 қарашада Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебінде ауданаралық деңгейде «Білім беруді дамытудың заманауи үрдістері: уақыттың сынақтары,нақты практика» тақырыбында семинар өтті. Семинарды ұйымдастыруды мектебіміздің басшысы Кішібай Сағира Қабажайқызы өз қолына алып,жан-жақты тапсырмалар беруінің арқасында,бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығар білдік. Семинарға аудан бойынша 50 шақты мұғалім қатынасты. «Қонақ келсе-құт» демекші,біздің мектепте келген қонақтарды қарсы алу ерекше үрдісте жүргізілді.
Мектебіміздің белсені,үздік оқушылары келген қонақтарды «Көңілді күн» әні арқылы сәлемдесумен қарсы алып,қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі «Нан ауыз тию» дәстүрін одан әрі дамыта түсті десе артық айтқандық емес. Қай кезде де мектепте білім мен тәрбие қатар жүріп отыру керек.Тәрбиесіз берілген білімнің адамның қас жауы екені де оы уақытқа дейін айтылып келеді.Одан әрі жұмысымыз акт залында келген қонақтарға бағдарламаны таныстыру мен көңіл күй ахуалын ұйымдастыруға берілді. Осыдан кейін келген қонақтар сөз алып,өздерінің ішкі сезімдерін білдірді десе де болады. Басты мақсатымыз біліммен бөлісу болғандықтан келесі қадам ұстаздарымыздың арнайы дайын сабақтарын тамашалауға ұласқан болатын.
Мектебіміздің кітапханашысы Конкабаева Шынар Темиртаевна «В гостях у сказки» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізіп, оқушылар мен келген қонақтардың көңілінен шыға білді. Сонымен қатар мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі 11 «Б» сынып оқушыларымен «Биологически значимые элементы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ көрсету барысында сабаққа кірген ұстаздарымыз сабақтан жаңаша әдіс-тәсілдерді алып,өздерінің ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ 11 «Б» сыныбында физика пәнінен Садыкова Наталья Федоровна « Аналогово-цифровой преобразователь.Каналы связ Средства связи» тақырыбында , дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Карбашов Сергей Павлович 7-8 «Б» сыныптарында «Общая физическая подготовка в разделе спортивных игр» тақырыбында ашық сабақ, Бекқожин Боранбай Сәкенұлы 4 «А» сыныбында «Гимнастика.Жалпы жетілдіру» тақырыптарында ашық сабақ,химия пәнінен Бекенбай Жарқын 8 «А» сыныбына «Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер» тақырыбында, физика пәнінен Шаймердина Гүлжаһан Сейтжановна 9 «А» сыныбында «Ньютон екінші заңы.Масса» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп,көптің көңілінен шыға білді.
Өткізілген сабақтардың әрқайсысында әріптестеріміз өздерінің жан-жақты әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, көптің көкейінен шыға білді.Ұстаздарымыз өздерінің сабақтарында оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін қолданып, жаңа қадамға бірге аяқ басты десе де болады. Сабақ соңына қарай мектеп кітапханашысы ұстаздарға арнап «Методические работы по библиотеке» тақырыбында кітапханада дөңгелек стол ұйымдастырды. Осы дөңгелек столда кітапхана жайында әңгіме қозғалып,атқарылған жұмыстар жан-жақты талқыланды.
Семинарымыз бұдан әрі мектебімізде әр сәрсенбі сайын өткізілетін «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы негізінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ақкөлдің жағасында» тақырыбындаға қойылыммен өз жалғасын тапты.Қойылымда мектебіміздің талантты,талапты,дарынды оқушылары қойылымда өз өнерлерін көрсетсе, Ахмет атамыздың рөлін мектебіміздің шығармашыл ұстаздарының бірі Қанат Мұратұлы сомдады. Қанаттың осы образы қойылымға жан-жақты көрік бере түсті. «Шабыт» би тобының қыздары өздерінің ұстаздары Жұлдыз Жанабекқызының қолдауымен өз өнерлерін ортаға паш етті.
Осындай көңіл-күйден соң келген қонақтарға қазақтың қонақжайлығы танытылып ,түскі ас берілді. Қазақтың «Бірлік бар жерде,тірлік бар» деген мақалын міне осындай бірлесе атқарылған жұмыстардан кейін айтса өз орнын тапқаны емес пе? Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебінің осындай ұйымшыл да,бірлесе жұмыс жасай алатыдығының арқасында тағы да бір белесті бағындырдық! Келген қонақтарымыз бен әріптестерімізге айтар алғысымыз шексіз!
Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебінің
Тәрбие ісінің орынбасары Қабылбекова Гүлбану Жолдықызы