Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі» деген.
Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – қоғам, ұстаздар мен ата-аналар, мұғалімдер қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Отбасы — барлығының басы, жан — жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата — ана мен баланың қарым — қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше — баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата — аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс . Бала бақыты — білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », — дейді А. Байтұрсынов.Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата — аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата — аналармен қарым — қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата — ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата — ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Отбасы –адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Ол бала үшін бір үлкен әлем,осы әлемде бала алғаш өмірмен қарым –қатынас жасап, өмірді сүюді, қиындыққа көнуді, қуануды, қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып өседі. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі –отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттілін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттілігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешнеді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады. Сондықтан кез келген педагогикалық тәрбие отбасымен қарымқатынас жасамай іске аспайды. Сондықтан балабақшадағы оқутәрбие ісінде басты мақсаты атаанамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады. Бұл барлық педагогтерге түсінікті жайт, дегенмен әлі күнге дейін балабақша мен ата-аналармен жұмыс жүргізу кәзіргі күннің өзекті мәселерінің бірі болып тұр деп ойлаймын.
Сол себебтен балабақша ұжымы , тәжірибелі педагогтердің жұмысының арқасында бүлдіршіндерге ең жақын адамдардың бізбен бірге бірлесе отырып тәрбие ісіне араласуына ат салысып жұмыс жүргізуіміз керек. Біз бірге болуым мыз керек екенін ұғындыру біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін естен шығармауымыз керек. Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу – тәрбие жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. Сол себепті мен ата – аналармен жұмысқа үлкен көңіл бөлемін. Көздеген мақсатым: балабақшамен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. Атаана мен балабақша бірлесе отырып, балаларды оқу мен тәрбиеге баулуда жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығару үшін әлі де тығыз байланыста, шығармашылықпен жұмыс жасайды.
Қорыта келе А. Сухомлинскийдің мына сөзімен аяқтағым келеді. «Тек атааналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Өскелең ұрпақ – біздің болашағымыз. Біз болашағымызды жақсарта түсу үшін бар күш-жігеріміз бен махаббатымызды бүлдіршіндерімізге сыйлаймыз.