ТЖБ және Аракарағай орман шаруашылығымен бірге М. Хакімжанова ауылдық округ және Красный Кордон аулының маңындағы мемлекеттік орман қоры аумағында ерекше өртке қарсы режим жағдайында профилактикалық рейд жүргіздік.
Азаматтарға орманда демалу өртке қарсы кезеңде қауіпті екенін еске саламыз.
От жағуға, ашық отты пайдалануға, сондай-ақ қоқыстарды, шөптерді, жапырақтарды және басқа да қалдықтарды, материалдарды немесе бұйымдарды жағуға тыйым салынады.
Есіңізде болсын - ормандағы өрт тез таралады.