Тіліңізді таңдаңыз

2022 жыл 16 қараша күні Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай аудандық мектеп оқушылары және ересектер арасындағы тоғызқұмалақтан командалық және жекелей біріншілік өтті.

Турнирдің басты мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау. Ұлттық ойынды халық арасында насихаттау, дамыту және бұқаралық сипатын арттыру.Спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру. Алтынсарин ауданының үздік оқушылары мен ойыншыларын іріктеу.

Тоғызқұмалақ турнирінің ұйымдастырушысы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімі» ММ-сінің қолдауымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің «Балалар шығармашылығы үйі» КММ-сі болып табылады.

Турнирге Аудан мектептерінен барлығы 6 мектептен ұлдар мен қыздар арасында 2008 жылғы жоғары мектеп оқушылары – 2009 жылғы төменгі оқушылар қатысты. Силантьев жалпы білім беретін мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ, Докучаев ЖББМ, Жанасу негізгі орта мектебі, Омар Шипин атындағы ЖББМ, Новоалексеев жалпы білім беретін мектебінен барлығы 27 оқушы қатысты.

Сайыстың бас төрешісі Балалар шығармашылық үйі қосымша білім беру педагогі Смагулов Алимхан Сыздыкович, хатшысы Абилов Амирхан Тастанович.

Сайыстың нәтижесінде 2009 жылғы ұлдар арасында І орын Есиргепов Мансур, Жанасу негізгі орта мектебі, ІІ орын Лежнина Валерия Докучаев жалпы білім беретін мектебі, ІІІ орын Ескалиев Бекарыс Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі оқушылары иеленді. Ал 2009 жылғы қыздар арасында І орын Мәрден Дильназ Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі, ІІ орын Нащекина Анастасия Силантьев жалпы білім беретін мектебі, ІІІ орын Олексиенко Кира Докучаев жалпы білім беретін мектебі оқушыларына бұйырды.

2008 жылғы ұлдар арасында І орын Андреев Артем Силантьев жалпы білім беретін мектебі, ІІ орын Байтемирова Карина Докучаев жалпы білім беретін мектебі, ІІІ орын Қайыржан Нұрислам Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі оқушыларына бұйырды. Ал қыздар арасында І орын Абилова Томирис Силантьев жалпы білім беретін мектебі, ІІ орын Ескалиева Риза Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі, ІІІ орын Досжанова Мадина О. Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебіне бұйырды.

Жалпы командалық есеп бойынша І орын Силантьев жалпы білім беретін мектебі, ІІ орын Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі, ІІІ орын Докучаев жалпы білім беретін мектебі жеңіп алды.

Жекелей біріншілікте І орын алған Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі оқушысы Сыздыков Алдияр, ІІ, ІІІ орынды Силантьев жалпы білім беретін мектебі оқушылары Березина Елизавета мен Попович Юрия алды.

Сайыстың соңында жүлделі орын алған оқушыларға естелік медальдармен аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. Бірінші орын алған командаға естелік кубок табыс етілді. Сайысқа қатысқан барлық оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз!

Балалар шығармашылық үйінің әдіскері:
Сюзанна Башухина