Тіліңізді таңдаңыз

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Алтынсарин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлы және тіл тағлымы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталаған іс-шараға Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы және тіл жанашырлары қатысты.

Дөңгелек үстелде А.Байтұрсынұлының мұрасы қазақ халқының рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатынын, ол қазіргі қазақ тілінің дамуына зор ықпал еткенін, қазақ жазуын араб графикасы негізінде реформалағанын еске салды.Ұлт ұстазының өмірбаянынан қызықты деректерін, мағынасы тереңде жатқан әңгімелері айтылды. Ақын қиялынан шыққан жыр термесінде өскелен ұрпақ ұмытпасын деп, қазақты қазақ қылған Ахмет деп жырлаған Абдрахман Алпыс орындауындағы әні де шырқалды. Аудан бойынша тіл саясатын іске асыруға үлес қосқан тіл жаңашырларына алғыс жарияланды.


«Алтынсарин ауданы әкімдігінің
тілдерді оқыту орталығы» КММ