Тіліңізді таңдаңыз

2024 жылдың 10 қаңтарында Алтынсарин аудандық БЖСМ спорт кешенінде Алтынсарин ауданының футзалдан қайырымдылық турнирі өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын - Свердловка ауылы, 2 орын – Юниор, 3 орын – Обаған ауылдық округі. Жеңімпаздар кубокпен, грамоталармен және медальдармен, жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен «Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ тиісті дәрежелі марапатталды.

Жиналған қаражатқа Щербаков ауылында тұратын көп балалы жалғызбасты анаға А. В. Лакеева азық-түлік себеті түрінде материалдық көмек көрсетілді. Турнирді ұйымдастырушы «Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қолдауымен Силаньев ОМ дене шынықтыру мұғалімі С. С. Сергеев.