Тіліңізді таңдаңыз

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Алтынсарин ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан мектеп лигасының аудандық кезеңі өтті.

Мақсаттары мен міндеттері:

  • білім алушылар арасында футзалды дамыту және насихаттау
  • ​мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулу;
  • ​мектеп командаларының спорттық шеберлік деңгейін арттыру;
  • ​облыстық жарыстарға қатысу үшін мектептердің мықты спортшыларын анықтау.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1 орын – Краснокордон ЖББМ;
2 орын – Щербаков ЖББМ;
3 орын – Силантьев ЖББМ.

Мектеп лигасының II (облыстық) кезеңінде Алтынсарин ауданы атынан Краснокордон ЖББМ қатысады.