Тіліңізді таңдаңыз

2022 жыл 10 ақпан күні ауданымыздағы Мәдениет үйінде аудандық мектеп оқушылары арасында керемет байқау өтті.

Биылғы жыл «Балалар жылы» аясында аудандық білім бөлімінің қолдауымен, Балалар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен бірлескен жұмыс нәтижесінде жылдағы үрдіс бойынша аудандық «Жарқын дауыс-2022» ән байқауы болып өтті. Аталған жобаның мақсаты сол, жергілікті жас таланттарға жол ашып, өнерлерін шыңдау.Жобаға қолдау көрсетуге аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Колбасина Лидия Витальевна, аудандық мәдениет үйінің директоры Оспанов Бағдат Сырбайұлы қатысып өз құттықтауларын білдірді. Аталған байқау 2 кезең бойынша іске асырылды.

Бірінші кезең бойынша қатысушылар патриоттық әндерді орындаса, ал екінші кезеңде еркін тақырыпта ән орындады. Жалпы байқауға қатысқан 18 өнерпаздың арасынан суырылып шыққан, жас орындаушылар: Бас жүлде иегері М.Хакімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Игілік Алина, 13 – 17 жас санаты арасында І орын алған Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі оқушысы Кенжетай Данияр, ІІ орын алған Больше-Чураков жалпы білім беретін мектебі оқушылары Загородняя София мен Смородина Ксения, ал ІІІ орынды Димитров жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Смагулова Карина қанағат тұтты. Екінші жас санаты бойынша 7-12 санаты бойынша І орын алған Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмабай Мерей, ІІ орынға ие болған Свердлов жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Журумбаев Аян, ІІІ орынды Зуев жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Утенова Анеля алды.

Ерекше көзге түсіп арнайы номинацияны Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Серікбай Сара иеленді. Сын айтылмай, мін түзелмейді демекші əділқазылар тарапынан айтылған сындардан сүрінби өткен жас дарындар аянып қалмады.Екі сағатқа созылған шешуші сəтте белсене қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынанмадақтамалар, ескерткіш сыйлықтар мен статуеткалар табысталды. Бас жүлде және бірінші орын иегерлеріне облыстық Алтын микрофон байқауына жолдама берілді.

Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен, талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе «Жарқын дауыс - 2022» ән байқауын аяқтай отырып «өнер-талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді.

Балалар шығармашылық үйінің әдіскері:  Сюзанна Башухина