Алтынсарин аудандық сотына азамат М. жауапкерден жол-көлік оқиғасы салдрынан келтірілген залалды өтеу туралы талап арызбен жүгінді.
Талап сот өндірісіне қабылданғанға дейін тараптар татуластырушы судья А. Бүркітбаевтың қатысуымен дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.
Тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, осыған байланысты ҚР АІЖК-нің 277-бабының 6-тармағы бойынша сот іс жүргізуді тоқтатады.
Татуластырушы судьямен тараптар арасындағы әңгіме нәтижесінде бұл дау шешілді. Талапкер қарыз сомасын 730 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін төмендетіп, жауапкерге қойылған талаптардан бас тартты, соңғысы өз кезегінде, талап қою талаптарын мойындады және талапкерге келіскен мерзімде қарыз сомасы мен сот шығындарын төлеу міндеттемесін қабылдады.
Медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.