Биыл қоғам қайраткері, ағартушы әрі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл толып отыр.
Ахмет Байтұрсынов– ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы. Ағартушылық мақсаты – өз алфавитін жасау, оқулықтар жазу. Осы мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап – танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде оқулықтарын жазған.
Ғалым халықтың болашағын ойлап, жаны күйзелді. Өз заманында қазақ халқы тұтынып отырған алфавитінің теріс жақтарын, кемшілік тұстарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп санады.А.Байтұрсыновтың ойынша, жақсы әліпбидің мынадай қасиеттері болу керек:жақсы әліпби тілге шақ болу керек;әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс;жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс. Орынды аталған бұл талаптар қазір де маңызын жойған жоқ.«Алтынсарин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскері Төлеген Қарлығаш жетілдірілген жаңа латын графикасына негізділген қазақ әліпбиінің бүгінгі нұсқасымен таныстырып отыруды жөн деп тапты. Ендеше, әр басылымда жетілдірілген жаңа әліпбидің таңбалануын өздеріңізге, аудан оқырмандары, жолдап отырады.
Алдарыңызға жетілдірілген латын әліпбиі нұсқасы бойынша Аа, Ää, Вb,Vv,Gg,Ğğ әріптерінің оқылуы, жазылуымен таныстырайық:
Аа әріпі латын графикасында бұрынғыша жазылуы, айтылуы өзгерусіз қалды. Мысалы:ana, aşyq, aua, anar.
Ää(ә) әріпі латын графикасында Умлаут диакритикасымен таңбаланады. Мысалы:ädep (әдеп), jäne (және).
Вb әріпі аталуы бы, оқылуы б. әріпі латын графикасында бұрынғыша жазылуы, айтылуы өзгерусіз қалды. Мысалы:bala, bılım, bırlık, balapan.
Vv әріпі аталуы вый, оқылуы в.V әрпі кірме сөздерді жазу үшін және орыс тегінің жұрнағын қабылдаған қарақалпақ ұлтының фамилиясын жазу үшін алды: povest, avariya, radiotelevidenie, aktiv.
Gg әріпі аталуы гі, оқылуы г. Gg әріпі ағылшын тілінде өзіміз үйренген әріпте таңбаланады. Мысалы:gül, gazet, güldenu, geografia
Ғ дыбысын бревис диакритикасы арқылы Ğğ таңбасымен беру ұсынынылады: ğaryś, jaŋğyru, ğylym. Еуропа және түркі халықтарының әліпбиінде бұл белгі негізінен қысқа дыбыстарды таңбалау үшін қолданылады және UNICODE жүйесінде бар.
Ескерту: Жетілдірілген әліпби нұсқасы әзірге бекітілген жоқ, қарастырылып жатыр.