Азаптау істерін тергеу функциясы прокуратура органдарына берілді.
Азаптауды тергеудің нұсқаулығы, әдістемесі мен алгоритмі әзірленді, құқық қорғау органдары басшыларының азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен бұйрығы бекітілді.
Азаптау туралы сигналдарға жедел ден қою үшін Бас прокуратурамен халыққа және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған жадынамалар әзірленді, онда кезекші прокурорлардың телефон нөмірлері көрсетілген.
Көрсетілген нөмірге жүгініп қылмыстық қудалау қызметкерлерінің физикалық немесе психикалық қысымын қолдану туралы жолданым қалдыруға болады.
Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, сондай-ақ азаптауға жол бермеу облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.