Алтынсарин аудандық сотының үкімімен абайсызда жәбірленуші Г.-ның өліміне әкеп соққан қылмысты жасағаны үшін К.-ға 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды (ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі).
Сотта анықталғандай, 2021 жылдың 11 наурызында К.-мен бірге тұратын Г.-ның арасында сөздік жанжал туындап, Г. әйелдің күртешесінің жағасынан ұстап алады. Күйеуінің уысынан құтылмақ болған К. оны итеріп жібергенде ер адам еденге құлап, тігін машинасының ағаш корпусына басын соққан.
Жәбірленуші Г. алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болады.
Жаза тағайындау кезінде сот ҚК-нің 52-бабының талаптарын, оның ішінде сотқа алғаш рет тартылған сотталушы К.-ның жеке басын, оның үлкен жасын – 57 жаста, тұрғылықты жері бойынша оң сипаттамалар, сондай-ақ оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлардың болуы және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілді.Сот үкімі заңды күшіне енді.