Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 21 шілдедегі №154 бұйрығымен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда "адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру"мемлекеттік қызметі өзгертілуге тиіс болды.
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе "электрондық үкіметтің"www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
ХҚО - ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 минут, қосымша тексеру жүргізілген жағдайда-5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - үшінші тұлғалар) басқа жеке тұлғаға қатысты портал арқылы электрондық нысанда көрсетілуі мүмкін, оның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу жібереді.
Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы оған қатысты порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен орындалады.
ХҚО-да мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттар қажет:
- Стандарттың 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша сұрау салу;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде - нотариалды куәландырылған сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Сондай-ақ, Алтынсарин ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармасының бөлімшесіне (71455) 2-18-60 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады .
Алтынсарин ауданы бойынша
құқықтық статистика және
арнайы есепке алу саласындағы
заңдылықты қадағалау жөніндегі
аға прокуроры
Шнарай Сулейменова