«Менің сүйікті дәрігерім» көшпелі акциясы аясында Президенттік клиниканың дәрігерлері Қостанай қаласында пациенттерді тегін қабылдайды:
- Берік Қайкенов – ангиохирург;
- Шалқар Смагулов – аритмолог;
- Ерлан Денеев – кардиохирург.
Мекенжайы: Қостанай облыстық ауруханасы
Қабылдау күні және уақыты:
• 24 ақпан: 11:00 - 17:00;
• 25 ақпан: 09:00 - 17:00.
Консультациялық қабылдауға пациенттің келесі құжаттары болуы керек:
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- кардиохирургтің қабылдауына: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/КТ дискісі;
- аритмологтың қабылдауына: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы;
- Ангиохирургтың қабылдауына: тамырлардың УДДГ, КТ немесе аортография дискісін алып келуі керек.
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін Қостанай облыстық ауруханасына хабарласыңыз.