Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Алтынсарин ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың, бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік шиеленіске жол бермеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізді.Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша аудандағы криминогендік жағдай тұрақты болып қалады.Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 20-дан 19-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар адам өлтіру, тонау, қарақшылық, зорлау, бұзақылық және мал ұрлығы қылмыстарының жасалуына жол берілген жоқ.ылмыстың бірқатар санаттары бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Көлік қылмыстарының саны 66%-ға азайды, бұрын сотталған адамдардың, адамдар тобының қатысуымен, қоғамдық орындарда, көшелерде және тұрмыстық салада жасалған қылмыстарға мүлде жол берілмеді.Алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстардың саны үштен бірге төмендеді.Сонымен қатар, қылмыстың жекелеген түрлерінің, оның ішінде интернет-алаяқтықтар мен жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар көбейгені байқалады, осыған байланысты аталған бағытта профилактикалық жұмыс жалғасады.
Қылмыстың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ағымдағы жылдың ақпан айында алыс елді мекендердің тұрғындарымен көшпелі кездесулер ұйымдастырып, онда интернет-алаяқтықтың, есірткіге тәуелділіктің, қорлаудың алдын алу, алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сату, металл сынықтарын қабылдау, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді.Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында прокурорлық қадағалау актілері бойынша 149 азаматтың, 2 инвестордың және 6 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды. Мемлекет кірісіне 37,7 млн теңгеден астам қаражат өндіріліп, құны 3,7 млн теңгеден асатын мүлік мемлекетке қайтарылды.Прокуратура актілері бойынша заңсыз нұсқама мен хабарламаның күші жойылып, инвесторлардың құқықтары қалпына келтірілді.Аудан прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғап, алыс елді мекендерден 140 мектеп оқушысын тасымалдауды ұйымдастыруды қамтамасыз етті, маршруттық схема мен балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібін бекітті.Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау саласында алимент бойынша берешегі бар 2 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, сондай-ақ мемлекет кірісіне 650 мың теңгеден астам қаражат өндірілді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, стихиялық қоқыс орындарын анықтау және жою бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді, сондай-ақ тұрғындар арасында жалпы ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға, коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға жол бермеу туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Алтынсарин ауданының прокуратурасы






